• Біздің парақшалар:

71 Канн кинофестивалі аяқталды: қазақ актрисасы үздік атанды

Жапон режиссері Хирокадзу Корээда бас жүлдемен марапатталып тұр / Фото: Pascal Le Segretain/Getty Images Europe

71-ші Канн кинофестивалі өз жұмысын қорытындылап, жеңімпаздар марапатталды. Бас жүлде - "Алтын пальма бұтағы" жапон режиссері Хирокадзу Корээданың "Ұры отбасы" ("Manbiki kazoku") картинасына берілді. Ал Ресей режиссері Сергей Дворцевойдың "Айка" драмасында ойнаған қазақ актрисасы Самал Еслямова "Үздік актриса" номинациясында үздік шықты.

Биылғы фестивалдің лауреаттары:

Негізгі конкурс:

  • "Алтын пальма бұтағы" - "Ұры отбасы" ("Manbiki kazoku"), реж. Хирокадзу Корээда (Жапония)
  • Арнайы "Алтын пальма бұтағы" - "Суретті кітап" ("Le livre d'image"), реж. Жан-Люк Годар (Франция)
  • Гран-при - "Қара нәсілді Ку-клукс-кландық" ("BlacKkKlansman"), реж. Спайк Ли (АҚШ)
  • Үздік режиссер - Павел Павликовский, "Қырғи-қабақ соғыс" ("Zimna wojna") (Польша)
  • Үздік сценарий (екі жеңімпаз):

- Аличе Рорвахер, "Бақытты Лазарь" ("Happy as Lazzaro") (Италия)
- Джафар Панахи мен Надер Саевар, "Үш келбет" ("Three Faces") (Иран)

  • Үздік актриса - Самал Еслямова, "Айка" ("The Little One") (Қазақстан)
  • Үздік актер - Марчелло Фонте, "Итбегі" ("Dogman") (Италия)
  • Әлілқазылар жүлдесі - "Капернаум" ("Capharnaüm"), реж. Надин Лабаки (Ливан)

Қазақстандық актриса Самал Еслямова "Үздік актриса" жүлдесін алу кезінде / фото: Pascal Le Segretain/Getty Images Europe

Қосымша марапаттар:

  • "Алтын камера" жүлдесі - "Қыз" ("Girl"), реж. Люк Дон (Бельгия)
  • ФИПРЕССИ жүлдесі - "Жалынды" ("Beoning"), реж. Ли Чхан-дон (Оңтүстік Корея)
  • Экуменистік әділқазылар жүлдесі - "Капернаум" ("Capharnaüm"), реж. Надин Лабаки (Ливан)

"Ерекше көзқарас" конкурсына қатысқан Әділхан Ержановтың "Ласковое безразличие мира" картинасы жүлдеге ілінбеді. Бұл категорияның лауреаттары:

  • "Шекара" ("Gräns"), Али Аббаси (Иран, Швеция)
  • "Жаңбыр - бұл өліктер ауылындағы ән" ("Chuva é cantoria na aldeia dos mortos"), Жоао Салавиза мен Рене Надера Мессоры (Португалия, Бразилия)
  • "Қыз" ("Girl"), Виктор Полстер (Бельгия)
  • "Донбас", Сергей Лозница (Украина)
  • "София" ("Sofia"), Мерьем Бенм'Барек (Марокко)

Сонымен қатар қазақстандық Ольга Коротконың "Так себе зима" фильмі ACID (Тәуелсіз кино және оның таралуына арналған ассоциация) бағдарламасына қатысты.

Биылғы 71-ші Канн кинофестивалі мамырдың 8-19 аралығында өтті. Ашылу фильмі ретінде Иран режиссері Асгар Фархади түсірген "Бәріне мәлім" ("Todos lo saben") фильмі таңдалды. Картинада басты рөлдерде ерлі-зайыпты актерлер Пенелопа Крус пен Хавьер Бардем ойнайды. Әділқазылар алқасын актриса Кейт Бланшетт басқарды.

Пікірлер