• Біздің парақшалар:

"Qazaqstan" телеарнасы халықтар достығы туралы "Туған жер" сериалын көрсетеді

"Qazaqstan" телеарнасы бүгіннен бастап "Туған жер" деген сериалды эфирге шығарады. Телехикая Қазақстандағы халықтар достығы туралы.

Сюжет бойынша Алматы қаласының іргесіндегі көпэтносты шағын кентте корейлік Шиндер отбасы тұрып жатады. Олардың үлкен ұлы Родион Кореяға қоныс аударуды армандайды. Ал, әке-шешесі сияқты Қазақстанға жан-жүрегімен берілген кішісі Костя болашағы да, бақыты да осы жерде деп біледі. Ол Ирина Джен есімді қызға үйленгісі келеді. Алайда, жазмыштан озмыш жоқ.  

Иринаны шұғыл түрде Кореяға жеткізіп, ота жасату қажет болады. Родион отбасына жәрдем беруден бас тартады. Ал, емге қажет қаржыны көршілер – қазақтар, немістер, шешендер, орыстар, ұйғырлар - көптеп-көмектеп жинап береді...  

Өзінің тарихи отанында байырқа таппаған Родионның бағы жанбайды. Есесіне, Қазақстанды туған жеріндей көріп, төскейін емгендердің күш-қуаты артып, көсегесі көгереді.

Барлығы 20 серия бар, әрқайсысы 42 минуттан. Телепремьерасы 22 ақпанда, сағат 21:55.

ТВ анонс:

Пікірлер