• Біздің парақшалар:

Британ киноакадемиясының "BAFTA 2018" жеңімпаздары белгілі болды

Лондонда Британ киноакадемиясының "BAFTA Awards 2018" сыйлығы үлестірілді. 2017 жылдың үздік фильмі болып "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд" драмасы танылды. Бұл фильм сондай-ақ, "Үздік британ фильмі" және "Үздік сценарий" номинацияларында жеңіске жетті.

Лауреаттардың толық тізімі:

Үздік фильм: "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд"

Үздік британ фильмі: "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд"

Британ сценарийшісінің, режиссерінің немесе продюсерінің үздік дебюті: "Мен мыстан емеспін" ("I Am Not a Witch") 

Шет тіліндегі үздік фильм: "Бикеш"

Үздік деректі фильм: "Мен сенің негрің емеспін" ("I Am Not Your Negro")

Үздік анимациялық фильм: "Коко құпиясы"

Үздік режиссер: Гильермо дель Торо - "Су пішіні"

Үздік түпнұсқа сценарий: Мартин МакДона - "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд"

Үздік бейімделген сценарий: Джеймс Айвори"Мені өз атыңмен шақыр" ("Call Me by Your Name")

Үздік актриса: Фрэнсис МакДорманд - "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд"

Үздік актер: Гари Олдман - "Ауыр кезең"

Екінші пландағы үздік актриса: Эллисон Дженни - "Мен, Тоня"

Екінші пландағы үздік актер: Сэм Рокуэлл - "Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд"

Үздік музыка:  Александр Депла - "Су пішіні"

Үздік операторлық жұмыс: Роджер Дикинс - "Жүзбен жүгіруші 2049"

Үздік монтаж: Джонатан Амос, Пол Мачлисс - "Балақай драйвер"

Үздік қоюшы-суретші: Пол Д. Остерберри, Шэйн Виё, Джеффри А. Мелвин - "Су пішіні

Үздік костюм дизайны: Марк Бриджес - "Көрінбейтін жіп"

Үздік грим және шаш үлгісі: David Malinowski, Ivana Primorac, Lucy Sibbick, Kazuhiro Tsuji - "Ауыр кезең"

Үздік дыбыс: Alex Gibson, Richard King, Gregg Landaker, Gary A. Rizzo, Mark Weingarten - "Дюнкерк"

Үздік визуал эффектілер: John Nelson, Gerd Nefzer, Paul Lambert, Richard R. Hoover - "Жүзбен жүгіруші 2049"

Үздік британ қысқаметраж анимациялық фильмі: "Қарама-қарсы полюс" ("Poles Apart")

Үздік британ қысқаметраж фильмі: "Cowboy Dave"

 

Дереккөз: BAFTA

Пікірлер