• Біздің парақшалар:

Шарлиз Терон "Тед" авторынан шақырту алды

88825153c91fc07e7d400a1169f0cc17

Шарлиз Терон режиссер Сет МакФарлейннің жаңа жобасына шақырту алды. Актрисаға "Батыста өлудің миллион тәсілі" ("A Million Ways to Die in the West") деген вестерн бағытындағы комедияда басты әйел рөлін ойнау ұсынылған.

Фильмде атыс кезінде қорқақтық танытқаны үшін қызы тастап кеткен фермер туралы баяндалады. Қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін, жігіт мылтық атуды жақсылап үйренуге бел буады. 

Сет МакФарлейннің жаңа жобасы туралы осыған дейін хабарлаған болатынбыз. Ол "Батыста өлудің миллион тәсіліне" режиссер болып қана қоймай, сценариін жазуға атсалысып және басты рөлді өзі сомдайды.

"Тед" ("Третий лишний") - МакФарлейннің әзірге алғашқы режиссерлік жұмысы. Ол фильмді түсіріп қана қоймай, сценариін жазды, продюсерлігін атқарды, сонымен қатар ондағы ойыншық қонжықты дыбыстады. Бұл комедия прокаттан 500 миллион доллардан астам пайда тапты.

 

Дереккөз: The Hollywood Reporter

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер