• Біздің парақшалар:

Marvel-дің "Жазалаушы" сериалының трейлері жарияланды

Netflix видеосервисінің "Жазалаушы" ("The Punisher") сериалының алғашқы трейлері жарияланды.

Драмада Marvel Comics ғаламының кейіпкері Фрэнк Касл туралы баяндалады. Отбасынан айырылғаннан кейін әділеттілікті өз қолымен орнатуға кіріседі. Басты рөлде Джон Бернтал ойнайды.

Актер Жазалаушы рөлінде осыған дейін "Басбұзар" ("Daredevil") сериалының екінші маусымында көрініс тапты. "Басбұзардан" кейін ғана Жазалаушыға бөлек сериал жасау туралы шешім қабылданған еді. Жаңа сериалдың сюжеті де "Басбұзардың" екінші маусымындағы оқиғалардан кейін өрбиді. 

13 бөлімнен тұратын сериал биыл жарық көруі тиіс, алайда нақты датасы белгісіз.

Ресми трейлер:

Пікірлер