• Біздің парақшалар:

Құралай Анарбекованың "Брат или Брак" ромкомының трейлері шықты

Құралай Анарбекованың ("Жаужүрек мың бала") продюсерлік етуімен түсірілген "Брат или Брак" романтикалық комедиясының алғашқы трейлері жарияланды.

Сюжетте Гауһар есімді сұлу мен Айдар есімді оның жігіті туралы баяндалады. Гауһар күйеуге шыққысы келеді, алайда оның бес ағасы рұқсат етпейді. Болашақ күйеу балаға қыздың ағаларының неше түрлі сынына шыдап бере алу керек. Гауһарды да қиын таңдау күтіп тұр: не ағалары, не күйеуге шығу.

Фильмге Ернар Нұрғалиев ("Қазақ аруы", "Сүйе білсең...") режиссер болды, сценариін жазған Алишер Утев ("Қазақша бизнес").

Басты рөлдерде: Құралай АнарбековаДәурен СерғазинТәуекел Мүсілім, Нұрлан Сабыров, Мұрат БисембинӘбунасыр Серіков, Олжас Жаңабеков.

Фильм прокатқа биыл 26 қазанда шығады.

Ресми трейлер:

Пікірлер