• Біздің парақшалар:

"Күнәлар қаласы 2": Ева Грин басты рөлде

35716c6264f32319312e7805a897b8c9Ева Грин (2009 жыл)

"Күнәлар қаласы" фильмінің екінші бөлімінде басты әйел рөлін орындайтын актрисаның есімі жария етілді. Dimension Films киностудиясы таратқан ақпаратқа сәйкес негізгі рөлді орындауға Ева Грин (Eva Green) бекітіліпті.

Актриса Ава Лорд есімді кейіпкерді сомдайды. Фильмге арқау болатын Фрэнк Миллердің комиксінде бұл әйел "кез-келген еркектің арманын да, қасіретін де іске асырады" деп суреттеледі. Сонымен қатар көркем туындыда Аваның "Күнәлар қаласының ең қауіпті де тартымды тұрғындарының бірі" екендігі айтылған.

413dcd119670707255579458239eda67 "Күнәлар қаласы" фильмінің постері (2005)

"Sin City: A Dame to Kill For" ("Город грехов 2") деген атауға ие, яғни қазақшалағанда "Күнәлар қаласы: Өлтірілуі тиіс әйел" деген мағына беретін сиквелді Роберт Родригес пен Фрэнк Миллер түсіруде. Түсірілім қазір Техаста жүріп жатыр. Премьерасы 2013 жылғы 4 қазанға жоспарланған. 

Біз осыған дейін фильмге Брюс Уиллис, Джош Бролин, Джозеф Гордон-ЛевитРэй ЛиоттаДжуно ТемплДжереми Пивен секілді актерлердің қатысатанын хабарлаған едік. Бірінші бөлімге түскен Джессика Альба мен Микки Рурк та жалғасында өз рөлдерін орындамақ.

Алғашқы "Күнәлар қаласы" 2005 жылы жарық көрген еді. 40 миллион долларға түсірілген картина әлемдік прокаттан 158 миллион доллар пайда түсірген болатын.

 

Дереккөз: Comingsoon

Фотосурет: flickr.com; Creative Commons лицензиясы

Пікірлер