• Біздің парақшалар:

Зак Снайдер "Әділет лигасы" фильмінің режиссерлігінен бас тартуға мәжбүр болды

Зак Снайдер / фото: barryanddistrictnews.co.uk

DC суперқаһармандары туралы "Әділет лигасы" ("Justice League") блокбастерінің режиссері міндетінен Зак Снайдер бас тартуға мәжбүр болды. Бұған режиссердің бірінші некесінен туған қызы, 20 жасар Отумнның өзіне қол жұмсап қайтыс болуы себеп болды.

Оқиға наурызда болған екен. Снайдерлер отбасы бұл жағдайды құпия ұстап келген және картинаның жұмысын аяқтауды ойлаған. Алайда араға екі ай салып режиссер әзірге жұмыс істей алмайтынын түсініп, осындай мәлімдеме жасап отыр. Ол өмірінің осы ауыр кезеңінде отбасы мен балаларына көбірек көңіл бөлу үшін осындай шешімге келді.

Warner Bros. кинокомпаниясының басшылығы да түсіністікпен қараған. Тіпті түсірілім жұмыстарын кейінге шегеруді де ұсынған. Алайда Зак Снайдер өзінің кесірінен бүкіл жұмыстың тоқтап қалғанан қаламайды. 

"Әділет лигасында" продюсерлік міндетті атқарған қазіргі әйелі Дебора Снайдер де жобадан кетті.

Енді бұл жоба Джосс Уидонға тапсырылды. Ол Marvel-дің "Кек алушылар" және "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмдерін түсірген еді. Енді ол "Әділет лигасының" постпродакшен жұмыстарымен айналысады және кейбір қосымша көріністердің түсірілімін аяқтайды. Премьерасы әзірге өзгерген жоқ - 2017 жылғы 17 қараша.

Қосымша:

"Әділет лигасы" фильмінің осыған дейін екі трейлері жарияланды:

"Comic-Con 2016" кинофорумындағы трейлері

Ресми трейлері

 

Дереккөз: The Hollywood Reporter

Пікірлер