• Біздің парақшалар:

Қазақстандық режиссер мұсылман гейлер туралы кино түсірді

Иллюстрация: Adhitya Pattisahusiwa / Magdalene.co

Қазақстан режиссері Әсел Әушәкімова "Я устал" ("I'm tired", "Мен шаршадым") деген картинасында мұсылман гейлердің тағдыры туралы баяндайды.

Фильм өткен күндері Bekmambetov Cinema кинотеатрында жабық көрсетілімде таныстырылған. Қысқаметраж фильм халықаралық кинофестивальдарға қатысуға ниетті.

Режиссер Қазақстандағы жыныстық бағдары қалыптан тыс адамдардың өмірін көрсетеді. Соның ішінде ЛГБТ өкілдері мен діннің қарым-қатынасы төңірегінде мәселе көтереді. Дәстүрлі емес бағдар ұстанатын адамдар дінге сене ала ма деген сұраққа жауап беруге тырысады.

Әсел Әушәкімова - "Сталкер" киномектебінің түлегі.


Дереккөз: informБЮРО

Пікірлер

    • Бек
    • |
    • 9 наурыз 2017 09.03.2017
    • |
    • 17:37

    Жақсы нәрсе түсірсе қайтеді екен осылар. Әйтеуір бір негатив. Әке мен ұлдың, аға мен інінің сыйластығын, қандай да бір дені дұрыс қарым-қатынасты жылатарлықтай түсірсе, шедевр сол болмай ма?! Жұртты таң қалдыру үшін жезөкшені махаббатқа адал, қанішерді үлгілі адам қылып шедевр жасағыш келетін не қылған көкейді тесіп бара жатқан өнер бұл кісілердікі?! Түсінбеймін.