• Біздің парақшалар:

"Константин" мультсериал түрінде жалғасын табады

DC комикстеріне негізделген "Константин" ("Constantine") телевизиялық жобасы анимация түрінде жалғасын табады.

2014 жылы NBC арнасында көрсетіліп, бірінші маусымнан кейін жабылып қалған сериалға тағы бір мүмкіндік беріліп отыр. Әрқайсысы 10 минуттан тұратын 5-6 бөлімді жоба CW Seed арнасынан 2017-2018 телевизиялық маусымында көрсетілмекші. Түпнұсқада басты рөлде ойнаған Мэтт Райан мультсериалда өз кейіпкерін дыбыстайды.

Мэтт Райан осыған дейін де Джон Константин рөлін қайталап көрген болатын: ол "Жебе" ("Arrow") сериалының төртінші маусымының бесінші эпизодында пайда болды және жуырда жарық көретін "Қара әділет лигасы" ("Justice League Dark") мультфильмінде өз кейіпкерін дыбыстады.

 

Дереккөз: КиноНьюс

Пікірлер