• Біздің парақшалар:

"Елу реңге қаралау" эротикалық мелодрамасының трейлері шықты

"Елу реңге қаралау" ("Fifty Shades Darker") фильмінің трейлері жарияланды. Бұл "Сұрдың елу реңі" эротикалық мелодрамасының жалғасы.

Сиквелді Джеймс Фоули есімді режиссер түсірді. Ол "Картадан тұрғызылған үй" ("House of Cards"), "Ганнибал" ("Hannibal"), "Миллиардтар" ("Billions") секілді сериалдардың түсіріліміне атсалысқан.

Фильмнің трейлері жариялана сала қаралым саны бойынша рекорд орнатты: YouTube, Facebook, Instagram және т.б. платформаларға салынғаннан кейін 24 сағат ішінде 114 миллион рет көрілген. Бұл рекорд осыған дейін "Жұлдызды соғыстар: Күштің оянуы" трейлеріне тиесілі еді (112 млн рет).

"Елу реңге қаралау" фильмі 2017 жылы ақпанда прокатқа шығады.

2015 жылы жарық көрген "Сұрдың елу реңі" қатты сынға ұшырағанына қарамастан, 40 млн доллар бюджетпен 570 млн доллар пайда тапты.

Алғашқы ресми трейлер:

Пікірлер