• Біздің парақшалар:

Брюс Уиллис "Күнәлар қаласына" оралады

"Күнәлар қаласы" фильмінің бейнесі (2005) 

Брюс Уиллис "Күнәлар қаласы" ("Sin City") фильміне оралатын болды. MTV телеарнасына берген сұхбатында Роберт Родригес осындай мәлімдеме жасапты. Актер бірінші фильмдегі Хартиган образын қайтадан сомдамақ.

Режиссердің айтуынша, сиквелдің кіріспесі қазір дайын тұр. Қалған эпизодтары жобаға қатысатын актердің басқа түсірілімдерден босауына қарайластырылып түсірілмек. Бірақ әлі басты кейіпкерді сомдайтын актриса әлі таңдалмаған.

"Күнәлар қаласының" екінші бөлімі "Sin City: A Dame to Kill For" ("Город грехов 2") деген атауға ие. Қазақшалағанда "Күнәлар қаласы: Өлтірілуі тиіс әйел" деген мағынаны білдіреді. Бұл да бірінші бөлім секілді Фрэнк Миллердің графикалық новелласына негізделетін болады. Премьерасы 2013 жылғы 4 қазанға жоспарланған. 

Біз осыған дейін екінші бөлімге Джозеф Гордон-Левитт пен Джош Бролиннің негізгі рөлдердің бірін орындайтынын, сондай-ақ Рэй Лиотта, Джуно Темпл, Джереми Пивен секілді актерлердің қатысатынын хабарлаған едік.

Пікірлер