• Біздің парақшалар:

Марк Уолберг пен Джастин Бибер баскетбол драмасында

Марк Уолберг баскетболға арналған фильмге түспек. Жобада оған танымал әнші Джастин Бибер серіктес болады. 

Актердің айтуынша, түсірілім 2014 жылға дейін бастала қоймайды. Өткені өзі бірнеше фильмдермен қатар айналысып жатқандықтан биыл қолы тимейді, Бибердің де биылғы гастрольдері түсірілімге қатысуға мүмкіндік бермейді. 

Марк Уолберг осыған дейін шоу-бизнес өкілдерінің қатысуымен болған баскетбол матчы кезінде жас әншінің ойынын көріп, тәнті болыпты. Сол себепті Джастин Биберді болашақ жобаға серіктес ретінде шақырған.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Фотосурет: flickr.com; Сreative Сommons лицензиясы

Пікірлер