• Біздің парақшалар:

Дәстен Шәкіров пен Динара Бақтыбаева қырғыз режиссерінің фильміне түседі

Қырғызстандық режиссер Нұрлан Мамакеев Алматыда "Три лимона" деген комедия түсіреді.

Сюжетте қарапайым таксист туралы баяндалады. Ол танымал тележүргізушіге ғашық және онымен кездесуді армандайды. Бірде басты кейіпкер 3 миллион доллар салынған сөмке тауып алады. Осы сәттен бастап оның өмірі өзгереді, ол табысты бизнесменге айналады. Бірақ оның соңына ақшасын жоғалтқан адамдар түседі.

Негізгі рөлдерде Дәстен ШәкіровДинара БақтыбаеваДимаш Ақымов, Фархат ӘбдірайымовТөлепберген БайсақаловРуслан Висингериев ойнайды. 

Түсірілім биыл тамызда басталады, түсіру жұмыстары Алматы, Бішкек, Ыссық көлде жүреді. Фильм Қазақстан мен Қырғызстан кинотеатрларында желтоқсан айында көрсетіледі деп жоспарланған.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікірлер