• Біздің парақшалар:

Әнші Жеңісхан мен Нұрлан Қоянбаев "Бизнес по-казахски" комедиясын түсіруде

Шоумен Нұрлан Қоянбаевтың бастамасымен "Бизнес по-казахски" комедиясы түсірілуде. 

Фильмде отандық бизнестің қыр-сыры айтылады. Түсірілім жұмыстары мамырда басталып, маусымның соңына қарай бітуі тиіс. Премьерасы биыл күз айларында болады деп жоспарланған.

Кинотуындыға музыкант әрі клипмейкер Жеңісхан Момышев режиссер болуда. Нұрланның өзі идея авторы, продюсер міндетін атқарады, сондай-ақ негізгі рөлдердің бірін сомдайды. Олардан бөлек Әбунасыр СеріковЖан БайжанбаевМаксим АкбаровГүлназ ЖолановаҚұралай Анарбекова секілді белгілі актерлер қатысады. Тағы бір дерек - Қазақстан көрермендеріне "Келін" үнді сериалы арқылы белгілі Сиддхартх Шукла да осы фильмге түспекші.

 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікірлер