• Біздің парақшалар:

Қайрат Нұртас өз өміріне арналған тағы бір фильм түсірмекші

"Өкініш" фильмінен кадр

Қайрат Нұртас өз өміріне арналған тағы бір фильм түсірмекші. Қазір киножобаның сценарийі жазылып жатқан көрінеді.

Фильмге Рашид Сүлейменов режиссер болады. Ал Қайрат Нұртастың директоры - Лаура Сейітбек жобаға атқарушы продюсер ретінде атсалысады. Түсірілімді "KN Production" компаниясы қаржыландырады.

Осыған дейін отандық бірқатар ақпарат құралында Қайрат Нұртастың әйелі әртістің жаңа фильмінде рөл сомдайды деген хабар тараған еді. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Әзірге сценарий дайын болмағандықтан, фильмге кімдердің түсетіні де белгісіз.

Айта кетейік, 2013 жылы Қайрат Нұртастың өмірі жайлы "Өкініш" деп аталатын драма шықты. Фильм 500 мың доллар бюджетпен прокаттан 626 мың доллар тапты.

Пікірлер