• Біздің парақшалар:

"Assassin's Creed" фильмінің алғашқы трейлері шықты

Әйгілі компьютерлік ойынға негізделген "Өлтірушінің сенімі" ("Assassin's Creed") фантастикалық боевигінің алғашқы трейлері жарияланды. Басты рөлдерде Майкл Фассбендер мен Марион Котийяр ойнайды.

Фильмді Австралиядан шыққан режиссер Джастин Курзель түсірді. Айта кетелік, осы режиссердің соңғы жұмысы - "Макбет" драмасында да Фассбендер мен Котийяр дуэті басты рөлдерде ойнаған еді.

Сюжетте ата-бабаның жадын ұрпағы арқылы жаңғырту технологиясы туралы айтылады. Каллум Линч осы технологияның көмегімен XV ғасырда Испанияда өмір сүрген бабасының басынан кешкендерін көру мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы ерекше қабілетке ие болып, Каллум біздің заманымызға жеткен тамплиендер орденінің рыцарларымен шайқасады.

Фильмге сондай-ақ, Джереми АйронсБрендан ГлисонМайкл Кеннет УильямсКаллум ТернерАриана ЛабедДени Меноше, т.б. актерлер түсті. 

"Өлтірушінің сенімі" әлемдік прокатқа 2016 жылы 21 желтоқсанда шығады деп жоспарланған. Қазақстан нарығына 2017 жылдың басында келуі мүмкін.

Ресми трейлер:

Пікірлер