• Біздің парақшалар:

"Басбұзар" сериалының антиқаһарманы Жазалаушы туралы бөлек телешоу түсіріледі

Marvel мен Netflix компаниялары арасындағы әріптестік кеңейе түспек. Бастапқыда екі компанияның бірлескен жұмыстарының аясында "Басбұзар" ("Daredevil"), "Джессика Джонс" ("Jessica Jones"), "Люк Кейдж" ("Luke Cage"), "Темір жұдырық" ("Iron Fist") сериалдары жасалады деп хабарланған болатын. Ал 2017 жылы аталған төрт қаһарманды біріктіріп, "Қорғаушылар" ("The Defenders") деген кроссовер-сериал жасау жоспарланған.

Бұлардан бөлек тағы бір қаһарман туралы сериал түсірілетін болыпты. Негізінде бұл жоба бастапқы жоспарда жоқ еді. Әңгіме "Басбұзар" сериалы арқылы көрмермендерге жақсы таныс Жазалаушы (The Punisher) немесе Фрэнк Касл жайында. Осы антиқаһарман туралы бөлек телешоу жасау идеясы көрермендердің осы кейіпкерді көбірек көрсетуді талап етуінен кейін пайда болған.

"Басбұзарда" Жазалаушы рөлін сомдаған Джон Бернтал өз рөліне қайтып оралады. Жобаға Стив Лайтфут жетекшілік етеді, ол "Ганнибал" ("Hannibal") сериалының өндірісіне қатысқандардың бірі ретінде белгілі.

Сериалдың жарық көретін күні әзірге белгісіз.

Пікірлер