• Біздің парақшалар:

"Marvel"-дің "Доктор Стрэндж" фильмінің алғашқы трейлері шықты

"Marvel" әлемінің тағы бір қаһарманы - Доктор Стрэндж (Doctor Strange) туралы фильмнің алғашқы тизер-трейлері жарық көрді.

Фильм Стефан Стрейндж есімді хирург туралы баяндайды. Бірде ол әйелімен бірге автокөлік апатына ұшырайды. Салдарынан екіқабат әйелі қайтыс болады, ал доктордың өзі қолынан ауыр жарақат алады. Өмір мәнін жоғалтқан ол тәні мен жанын емдейтін жол іздеп саяхатқа шығады. Араға жылдар салып Жердің ең құдіретті сиқыршыларының біріне айналады.

Кинокомиксте басты рөлді Бенедикт Камбербэтч сомдайды. Одан бөлек Тильда СуинтонМадс МиккельсенРэйчел МакАдамсСкотт ЭдкинсЧиветель ЭджиофорМайкл СтулбаргБенедикт ВонгЭми Ландекер ойнайды. Фильге үрейлі киножобаларымен белгілі Скотт Дерриксон режиссер болды.

"Доктор Стрэндждің" премьерасы 2016 жылдың қараша айына жоспарланған.

Ресми тизер-трейлер:

Пікірлер