• Біздің парақшалар:

Тимур Бекмамбетовтың "Бен-Гур" фильмінің трейлері шықты

Тимур Бекмамбетовтың "Бен-Гур" ("Ben-Hur") эпикалық тарихи драмасының алғашқы трейлері жарық көрді.

Paramount Pictures өндірген жоба - Лью Уоллестің 1880 жылы шыққан "Бен-Гур: Мәсіхтің хикаясы" романын негізге алған және 1959 жылғы аттас фильмнің ремейкі. 1959 жылғы экранизация "Оскардың" 11 мүсініне ие болған еді.

Сюжеті иудейлік ханзада Иуда Бен Гурдың айналасында өрбиді. Ол досының сатқындығынан соң құлға айналады. Бірақ римдік ақсүйекті құтқарып қалғаны үшін оның мұрагері атанады. Иуда досынан кек алып, анасы мен қарындастарын іздестіру үшін туған жеріне оралады. Сюжетте Иса пайғамбардың өмірі параллель баяндалады.

Фильмде басты рөлдерде Джек ХьюстонНазанин БониадиЙохан Филип АсбекРодриго СантороМойзес АриасМорган Фриман ойнайды. Премьерасы 2016 жылғы тамызға белгіленген.

Ресми трейлер:

Пікірлер