• Біздің парақшалар:

Кристофер Нолан "Дюнкерк" жобасына жас актерлерді тартып жатыр

Иллюстрация: geekcrusade.com

Кристофер Нолан өзінің келесі режиссерлік жұмысы  - "Дюнкерк" ("Dunkirk") әскери драмасына жас актерлерді тартып жатыр. Басылымдардың айтуынша, әлі таныла қоймаған актерлер фильмнің басты рөлдерін сомдамақшы.

Атап айтқанда, негізгі актерлер қатарында Фьён УайтхедГарри СтайлсАнейрин Барнард пен Джек Лауден деген есімдер бар. Мысалы, Фьён Уайтхедтің бұл кинодағы дебюті, Гарри Стайлс та кәсіби актер емес, ол бізге "One Direction" тобының әншісі ретінде белгілі. Ал Анейрин Барнард пен Джек Лауден бұған дейін британдық "Соғыс пен бейтітшілік" ("War & Peace") мини-сериалында көрінген актерлер.

Осыған дейін, "Дюнкеркке" Том ХардиМарк Райлэнс және Кеннет Брана түседі деп айтылған еді. Оларға екінші дәрежелі рөлдер беріліпті.

"Дюнкерк" ("Dunkirk") деген жобалық атауы бар картина неміс әскерлері мен одақтас күштердің арасындағы шайқасты баяндайды. Арада орнаған уақытша ғана үзілісті пайдаланып, британ билігі 330 мыңнан астам жауынгерді Англияға эвакуациялайды. Бұл операцияға әскери кемелер ғана емес, балықшы, сауда және жүк қайықтары да атсалысты. Құтқарылған әскерилер құрамында француз бен бельгиялық армияның өкілдері де бар еді. 

Фильмнің премьерасы 2017 жылғы шілдеге жоспарланған.

 

Дереккөз: kinonews.ru

Пікірлер