• Біздің парақшалар:

Ержановтың "Қаратас ауылындағы оба" фильмі Роттердамда жүлде алды

Әділхан Ержановтың "Қаратас ауылындағы оба" ("The Plague at the Karatas Village") драмасы Роттердам халықаралық кинофестиваліне қатысып, Азия киносын көтеру желісінің (NETPAC) сыйлығына ие болды. Роттердам кинофестивалі 27.01-07.02 аралығында өтті.

Қазақстандық режиссердің жаңа жұмысының әлемдік премьерасы да осы фестивальде, екінші ақпанда болған еді. Сюрреалисттік картина Қазақстандағы саясит әділетсіздікті сөз етеді. Шалғайдағы ауылға жаңадан келген әкім тұрғындардың қатерлі дертке шалдыққанын көреді. Бірақ вакцинаға бөлінген қаражат жергілікті билік өкілдерінің қалтасына түседі.

Айтпақшы, өткен аптада ағылшынның The Calvert Journal журналы Әділхан Ержановтың "Қаратас ауылындағы оба" картинасын 2016 жылы күтілетін үздік бес фильмнің қатарына қосты.

Трейлер:

Пікірлер