• Біздің парақшалар:

Әміре Қашаубаев туралы ағылшын тілінде фильм түсіріледі

Әміре Қашаубаев / фото: sal-seri.kz

Парижде ән салған қазақ әншісі Әміре Қашаубаев туралы халықаралық киножоба қолға алынды. Фильм өндірісімен "Moviq" кинокомпаниясы айналысады.

Жобаға Голливудтан Кэри Грант пен Эд Джонс деген продюсерлер қатысады. Фильм ағылшын тілінде түсірілмекші, сондықтан да басты рөлге қабылданатын актерлер тіл білуі қажет. Фильмде Әміреден бөлек Мұстафа Шоқай да көрсетілетін болады.

Cast.kz сайтында кастингтің негізгі талаптары қойылған:

- Әміре рөліне 25-40 жастағы, ағылшын тілін «Upper Intermediate» деңгейінде меңгерген, актерлік шеберлігі шыңдалған, драмалық тенор даусы бар, домбырада ойнай алатын ер адам іздестіріліп жатыр. 

- Мұстафа Шоқай рөлін сомдау үшін 30-40 жастағы, ағылшын тілін «Intermediate» деңгейінде меңгерген ер адам қажет.

- Сондай-ақ, 25-35 жастағы әйел адам, 55-65 жастағы әйел және ер адам, қазақ тілінде еркін сөйлейтін 13-16 жастағы бозбала керек

Әміре Қашаубаев - Еуропаны ең алғаш қазақ өнерімен таныстырған атақты әнші, актер әрі музыкант. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүниежүзі көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан» әндерді орындап, 2-ші бәйгемен қоса күміс медаль алды. 


Фильмде 8 ірі музыкалық нөмір орындалады. Кастинг республиканың барлық қалаларында өтіп жатыр.

 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Пікірлер