• Біздің парақшалар:

"007: Спектр" фильмі қазақ тіліне дубляждалды

Columbia/Sony студиясы шығарған "Бондиананың" кезекті "Спектр("Spectre") фильмі қазақ тіліне дубляждалды.

Джеймс Бонд туралы 24-ші фильм 2011 жылдан бері қазақ тілінде сөйлеген 12-ші кинокартина, ал 2015 жылдың үшінші премьерасы.

Дубляж режиссері - Айжан Жамшитова, ол осыған дейін "Малефисента", "Жаңа Өрмекші-адам", "Күлбике" фильмдерінің аудармасына қатысқан еді. Рөлдерді Ержан Жарылқасынов (Дэниэл Крэйг), Күнсұлу Шаяхметова (Моника Беллуччи), Азамат Қанапия (Кристоф Вальц), Самат Қордабаев (Рори Киннер) дыбыстады.

Дубляж "Болашақ" ассоциациясының ұйымдастыруымен, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, Алматы қ. әкімдігінің, "Нұр Отан" партиясының және "MARWIN" компаниясының қолдауымен жүзеге асты. 

Жобаның бас демеушілері "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және "Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" АҚ. Дубляж жұмыстары Алматыдағы "Cinematone" студиясында жүргізілді.

"007: Спектр" фильмі қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан прокатына 2015 жылы 6 қарашада шығады.

Қазақша дубляждалған трейлер:


Пікірлер