• Біздің парақшалар:

21-25 қазан аралығында "Бастау" студенттер кинофестивалі өтеді

Алматыда 2015 жылғы 21-25 қазан аралығында "Бастау" V Халықаралық студенттер фильмдері мен және киномектептер кинофестивалі өтеді.

Биылғы форумға қатысуға 30 шақты елден 170-тен аса киножұмыс ұсынылған. 5 күнге созылатын фестиваль кезінде жастардың кинотуындылары көрсетіліп қана қоймай, түрлі шеберлік сабақтары, семинарлар мен практикалық сабақтар өтеді.

"Бастау" кинофорумының жұмыстары Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында, "Тұран" университетінде, "Алматы" сауда орталығындағы "Bekmambetov Cinema 3D" кинотеатрында және "Алатау" киноконцерт залында жүргізіледі. 

Фестивальдің салтанатты ашылуы 21 қазанда кешкі сағат 18.00-де "Алатау" киноконцерт залында (Ақбұлақ ық-м ауд., 35/1, Момышұлы к., Рыскұлов к. төмен) өтеді.

"Бастау" V Халықаралық студенттер фильмдері мен және киномектептер кинофестивалінің бағдарламасы


Пікірлер