• Біздің парақшалар:

Әділхан Ержановтың келесі драмасы "Қаратас ауылындағы оба" деп аталады

Қазақ режиссері Әділхан Ержанов кезекті әлеуметтік драмасын түсіріп жатыр. Жоба "Чума в ауле Каратас" ("Қаратас ауылындағы оба") деп аталады. 

Сюжетте жас әкім қаладан ауылға келіп, төңіректегі ахуалды жақсы жағына өзгертпек болады. Бірақ жергілікті билік өкілдері мен тұрғындар өзгерістерге дайын емес болып шығады, осыдан келіп арада түсінбеушіліктер пайда болады.

Фильмде басты рөлдерді Арслан Ақұбаев пен Мұрат Махан сомдайды. Жаңа кинокартинаның түсіру жұмыстары жылдың соңына дейін жалғасады.

Әділхан Ержановтың 2014 жылғы "Үкілі кәмшат" трагикомедиясы көптеген кинофестивальдардан жүлде алған еді.

 

Дереккөз және фотосурет: Tengrinews.kz

Пікірлер