• Біздің парақшалар:

Алматыда VI "Бүгінгі француз киносы" фестивалі өтіп жатыр

2015 жылдың 23 сәуірінде Алматыдағы "Арман" киноорталығында алтыншы "Бүгінгі француз киносы" кинофестивалі ашылды.

26-ші сәуірге дейін француз киносының соңғы жылдары шыққан үздік туындылары ұсынылатын болады. Сонымен қатар қазақстандық көрермендер дәстүрлі «Қысқа метр түні» бағдарламасын тамашалайды. Ол биыл 19 лентаны қамтып, сәуірдің 24-нен 25-не қараған түні өтеді.

Ашылау салтанатына қатысқан құрметті қонақтардың ішінде Францияның Алматыдағы бас консулы Патрик Ренар және "UniFrance"компаниясының вице-директоры Жоэль Шапро болды.

 

Біржан Бекен

Пікірлер