• Біздің парақшалар:

Бекзат Саттарханов туралы деректі фильм шықты

Түркістан қаласында боксшы Бекзат Саттарханов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті. "Omniars" кинокомпаниясы шығарған "Бекзат Саттарханов - Олимпиада чемпионы" деген Олимпиада чемпионын еске алуға арналған XIV халықаралық жарыс шеңберінде көрсетілді. 

Деректі фильм чемпионның 35 жылдығына орай түсірілген болатын. Жобаға Ермек Шахмет режиссер болды, ал сценарийін журналистер Дина Балқашқызы мен Әйгерім Жұмаханова жазған. Премьерада боксшының ата-анасы, Олимпиада чемпиондары Бақыт Сәрсекбаев пен Серік Сәпиев болды.

Фильмде спортшының балалық, бозбала шақтары және жетістіктері туралы баяндалады. Түсірілімге Олимпиада чемпионының ата-анасы, жаттықтырушылары мен достары да қатысқан.

Бекзат Саттарханов 2000 жылы Сидней Олимпиадасында чемпион атанды. Ол бірнеше айдан кейін Оңтүстік Қазақстан облысында, 31 желтоқсан күні жол апатынан қайтыс болды.

Бұл Ермек Шахметтің Саттархановқа арналған жалғыз жобасы емес. Болашақта боксшының өміріне арналған көркем фильмді дайындап жатыр.

 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Фотосурет: yvision.kz

Пікірлер