• Біздің парақшалар:

"Блэйд" жаңадан түсіріледі

Marvel компаниясы Блэйд туралы франшизаны жаңа актерлік құраммен қайтадан түсіруді қолға алмақ. CraveOnline ресурсының хабарлауынша, бұндай ақпаратты "Блэйд: Үштік" ("Blade: Trinity") фильмін түсірген Дэвид С. Гойер таратыпты. 

"Marvel мен Walt Disney кейіпкердің құқығына қайтадан ие болғаннан кейін, олар жаңа нұсқаны түсіретініне сенімдімін. Олар кезінде осы кейіпкердің арқасында үлкен аса үлкен пайда тапқан еді, енді бұл мүмкіндікті қайталап көретіндері анық", - деді режиссер.

Дэвид С. Гойердің ойынша, жаңа франшизадан Уэсли Снайпсқа орын табылмайды. 

Айта кетелік, Блэйд есімді кейіпкерді пайдалану құқығы Marvel Comics компаниясына т2011 жылдан бері иесілі.

 

Сурет: "Блэйд" (1998) фильмінің бейнесі

Пікірлер