• Біздің парақшалар:

"Жаужүрек мың бала" фильмі анимациялық сериалға айналады.

Биылғы жылдың басты кино оқиғаларының бірі болған - "Жаужүрек мың бала" фильмі анимациялық сериалға айналады. Бұл жайында "Қазақфильм" президенті Ермек Аманшаев БАҚ өкілдеріне хабарлады. 

- "Жаужүрек мың баланың" негізінде 20 сериядан тұратын мультсериал түсіріледі. Егер оның жұмыстарын келесі жылы аяқтап үлгерсек, сериалдың премьерасы 2013 жылдың соңында немесе 2014 жылдың басында болады.

Қазіргі кезде "Жаужүрек мың бала" кинофильмі АҚШ прокатына шығуға дайындалуда. Отандық туынды Америкада алдағы қаңтарда көрсетіледі, - деді киностудия басшысы.

Пікірлер