"Бондиананың" 24-ші бөлімі "Спектр" деп аталады
"Бондиананың" 24-ші эпизодының толық атауы және нақты актерлік құрамы белгілі болды. Агент 007 туралы кезекті фильм "Спектр" ("Spectre") деп аталады.
Лондонда өткен таныстыру кешінде режиссер Сэм Мендес актерлік құрамды да атап өтті: Дэниэл Крэйг, Рэйф Файнс, Кристоф Вальц, Наоми Харрис, Бен Уишоу, Леа Сейду, Моника Беллуччи, Дэйв Батиста, Эндрю Скотт.
"Спектрде" Джеймс Бонды Aston Martin DB-10 автомобилінен көретін боламыз. Премьерасы 2015 жылдың 29 қазанына жоспарланған.
Пікірлер