• Біздің парақшалар:

Бенедикт Камбербэтч суперқаһарман Доктор Стрэнджді сомдайды

Marvel-дің суперқаһарманы - Доктор Стрэнджді сомдайтын актер белгілі болды. Deadline басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, кейіпкерді Бенедикт Камбербэтч сомдамақшы.

Осыған дейін басты рөлге Хоакин Феникс ие болуы мүмкін деп айтылған еді. Алайда ол актермен келіссөздер өз нәтижесін берген жоқ. 

"Доктор Стрэндж" ("Doctor Strange") фильмі 2016 жылы қарашада шығады деп жоспарланған. Жоба режиссері Скотт Дерриксон.

Доктор Стрэндж - Marvel әлемінің суперқаһарманы. Нейрохирург болып жүріп, ауыр апатқа ұшырайды. Нәтижесінде қолынан ауыр жарақаттанып, медицинамен қош айтысады. Ол сиқыр құпияларын ашу мақсатымен саяхатқа аттанады. Көп кешікпей Жердің ең құдіретті сиқыршыларының біріне айналады.

Пікірлер