• Біздің парақшалар:

Кристиан Бейл: "Бэтмен жаңа құрылғыларымен таныстырады"

Жылдың ең көп күтілген фильміне қатысу қалай екен? Артылған жауапкершілік қаншалықты жоғары болды?

"Біз актерлік міндеттерімізді орындадық. Жауапкершілік жүгі Кристофер Ноланның мойнында. Бірақ айта кету керек, мен барлық фильмде оны ешкім көрмейтіндей сезіммен жұмыс істеймін (күледі). Солай дұрыс, өйткені "Адамдар бұл жайында не ойлар екен?" деп белгілі бір әсер қалдыруға ұмтылмайсың. Әдетте мен өзіме былай деймін: "Бұл фильмді біреу қарай қояды деп ойламаймын, сондықтан қалай дұрыс деп санасаң - солай істе және өзге адамдардың ойынша қалай дұрыс болады деген болжаммен әрекет ет".

Сізге түсірілімнің қай жері ерекше есте қалып, өзгелерінен көбірек ұнады?

"Түсірілімге қатысушылардың бәрі бірден еске алатын бір орынды айтып өту қажет - ол Үндістан. Ол жер бетіндегі нағыз тозақ еді. Түсірілімге кіріскен кезде, біз Джодхпурда бір-екі күн болдық, сол өңірдің тұрғындары бізді ақылынан алжасқан есалаңдар деп ойлады (күледі). Біз 50 градустық ыстықта сыртқа шығып, сосын кондиционері бар бөлмеге оралып "Ах!" дейміз, өткені әсер басыңды мұздатқышқа тыққанмен бірдей еді. Бұл бөлмеде температура 30 градус болды, яғни қандай ыстық болғанын елестетіп отырған шығарсыз. Өзіміздің жеке бас жағдайымызға келсек, біз кешке таман ыстықтың салдарынан айтқан сөзімізден жаңыла бастадық. Дегенмен қазір еске алып айтатындай оқиға болды!"

Сіздің ойыңызша трилогия артына не қалдырады? Өзіңіз көрерменге не қалдырар едіңіз?

"Уақыт бәрін өз орнына қояды деп ойлаймын. Қолда бар ақпараттың жүйеленетінін айтқым келеді: фильмді алғаш көресің, содан кейін бірнеше жылдан кейін жауабын өзің-ақ түсінесің..."

Крис болашақта да бірге жұмыс істеуге болатын режиссер ме?

"Иә, әрине".

Сіз Бэтменнің костюмін сағынатыныңызды айтыпсыз.

"Таяқтың екі ұшы секілді ғой. Костюмді кигенде бас сиқанаң ұстап қалатын сәттер болады. Биыл мен қатты құладым ба, әлде басқа себеп бар ма, әйтеуір белім бір ай бойы ауырып жүрді. Бұндайда қиын. Әдетте беліңнің ауыруы 3 күннен аспайды ғой, бірақ менің жасым қазір 38-де, сондықтан таңертең мүгедекше қимылдай алмай қалып жүрдім. Демек мен үшін биыл көп нәрсе өзгерді, мен тез шаршайтын болдым. Бірақ сырқатыңды айтып шағына бастасаң, басыма бірден қыңқылдаудың қажеті жоқтығы туралы ой келеді, өйткені мен аңыз қаһарманды ойнаймын ғой".

Бэтменнің жаңа құрылғылары бола ма?

"Әрине. Ол қашан да қандай да бір жаңа бір нәрсе ұсынуға дайын. Бұндай нәрселер қашан да әлі ешкім көрмегендер санатына жатады, солай емес пе? Бэтмен жаңа гаджетін міндетті түрде таныстырмай қоймайды".

Сценарийді алғаш оқығаннан кейін қандай әсерде болдыңыз? Қандай сезімдерді бастан кештіңіз? Сол әлемге қайта ену қалай екен?

"Мен бұл үрдіске үйренгенмін, себебі Кристің үйіне барып, сценарийді сонда оқыдым. Ал мен өте шабан оқимын. Маған оқу мүмкіндігі берілгенде, мен әдетте бір оқимын, сосын қайта-қайта оқимын - ойланамын, Крис бұндай жағдайға таңғалады. Крис менің бөлмеме кірген сайын, мені ұйықтап қалған шығар деген оймен кіреді (күледі). Біз ауқаттануға үзіліс жасадық, қараңғы түсті, отбасы кешкі асқа жиналды. Ал мен әлі оқып отырдым. Қонақтар келіп-кетіп жатты, мен оқумен ғана болдым (күлдім)".

Пікірлер