• Біздің парақшалар:
  • Нұх

    Ной

    Noah

Жыл:
2014
Ел:
АҚШ
Режиссер:
Даррен Аронофски
Басты рөлдерде:
Эмма Уотсон , Рэй Уинстон , Кевин Дюран , Дакота Гойо , Ник Нолти , Марк Марголис , Рассел Кроу , Энтони Хопкинс , Логан Лерман , Дуглас Бут , Дженнифер Коннелли , Мартон Чокаш , Финн Уиттрок
Сценарий:
Даррен Аронофски , Эри Хэндел
Продюсер:
Скотт Франклин , Мэри Пэрент , Даррен Аронофски , Арнон Милчен
Жанр:
Драма , Қызық оқиғалы
Бюджет:
$125 000 000
Әлемдік премьера:
10 наурыз 2014
Қазақстандағы премьера:
27 наурыз 2014
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
138 минут
Суреттеме:

Топан су алдында кеме жасап, өзіне ергендер мен жақындарын және дүниедегі барлық тіршілік иелерін құтқару міндеттелген Нұх пайғамбар туралы хикая.

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/old.kinostan.kz/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/old.kinostan.kz/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 5.8(253732)
  • Кинопоиск: 6.648(139539)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • «Тағдыр бізге ондай уәде берген жоқ» деп Танакөз (Толқынқызы) айтпақшы, Аронофски де «Нойды» қандай да бір діни кітаптармен сәйкестендіріп түсірем деп уәде бермеген болатын. Сондықтан оның режиссерлік құқы мен таңдауына құрметпен қараймын, өйткені ол ең алдымен адамның жанына үңілді. Ал пайғамбар туралы, оның Қазығұртқа келіп табан тіреуі туралы өзіміздің жігіттер де түсіре жатар)).

    Мен көрген «Ной» құтқарушы пайғамбар туралы фильм емес. Арлы адам туралы. Жаратқанның таңдауы өзіне түссе де тәуір адам «мен осыған лайықпын ба?» деп ойланады. Оның немерелерін өлтірем дегені – ешқандай да қатыгездік емес. «Мен лайық емеспін, біз лайық емеспіз» деген кішіпейіл күмән ғана. Жаңа өмірді бастау үшін адамзат баласы күнәдан пәк болу керек емес пе? Ол айтады: «Біздің қайсысымыз күнәдан пәкпіз? Сим – қалауының құлы, Хам қызғаншақ, Иафет біздің көңілімізді табу үшін бәріне дайын, сен олар үшін бәріне дайынсың...».

    Бұл «Ной» – Топан судан аман қалған пайғамбар отбасының... бақытты емес, қасіреті туралы. Миллиондаған адамдардың жалынышты үнін естіп отырып, қыңқ дей алмасаң, сол да бақыт болып па? Басқалардың көз жасының құнымен келген өмірден Муфасаил шалдың құшақ жая қарсы алған өлімі артығырақ көрінеді.

    Бұл мүмкін, Ной туралы фильм емес. Әр адам үшін маңызды, тағдыр мен таңдау туралы фильм. Құдай адамға он сегіз мың ғаламды берді. Әр пендесіне қайталанбайтын тағдыр берді. Сонымен бірге таңдау берді. «Құдай салды, мен көндім», «Жазмыштан озмыш жоқ» дейміз. Рас. Бірақ бәрін үтір-нүктесіне дейін жазып қойса, қиыс басуға болмайтын өмірдің мәні қайсы? Әр сәт, әр мезет – таңдау, сенің ниетің, жүрегің, ақыл-таразың, иманыңның өлшеуі де сол кішкентай таңдаулар. Өмір – сол таңдаулардың тізбегі.

    Сосын, қалай болғанда да бұл адам баласына деген үмітпен түсірілген кино. Нойға Құдай үлкен жауапкершілік артты. Тым үлкен. Бірақ әділетті Құдай тек көтере алатын жүк береді дейді ғой. Хамның қуылмай, өз бетімен кетіп қалуы, Нойдың жан азабы, Сим мен Иланың сүйіспеншілігі – адамзат бастауы мейірім, ар мен ұят, сүйіспеншілік шығар деген үміт оятады. Және, сөзсіз, есі дұрыс адам бұл кинодан діни қалып емес, өзін іздеп шығады.

    Шындығында фильм маған бастан-аяқ ұнады дей алмаймын. Компьютерлік әсерлері, костюмдері, суретшінің жұмысы, кейбір қақтығыстар... көңілден шықпаған тұстар көп. Бірақ біреулер әлсіздік деп бағалаған тарихтан ауытқушылығы – дәл осы фильмнің артықшылығы сияқты. Өйткені бүкіл тартыс, психологиялық диллема сол «ауытқулардан» (бір отбасының ішіндегі шиеленістерден) өрбіп тұрған жоқ па? Мұнда Нойдан кейінгі кілт образ – Хам. Ол туралы әкесі айтады ғой: «Тым қызыққұмар» дейді. Ила пайда болатын сәттен бастап ағасына бәсекелес болатын ініден қауіптің боларын сезесіз. Түрлі жолдарда құбылып, адасып барып, ол түбінде әкесін таңдайды. Адамның құны осындай таңдаулармен өлшенсе керек. Ал қазіргі адамның түсінігімен әкесінің тәнін көріп қалу да күнә болып па? (Айтпақшы, фильмнің идеясы да сол Нойдың мас болуынан туған шығар. Неге мас болады? Өйткені жаны азапты. Неге Хамды қуды? Мүмкін, өзі кеткен шығар?).

    Аронофскидің «Реквием по мечте», «Черный лебедь» сияқты фильмдері мен үшін «Нойдан» қымбат, бірақ мұны да бір көруге болады екен)