-
rakishevaa ⚓
- Тіке сілтеме
- — 21 ақпан 2014
- Баға: 7/10
Фугадан соң біртүрлі сезімдемін...
Ең алғаш рет осы фильм жайында Dinmukhamed Ziyadinнің kerekinfo.kz -тегі блогынан оқып: "Жақсы фильм шығар, бірақ мен бармаймын. Қорқам", - деген едім. Бірақ соңғы күндері әлеуметті желі "Фуга", "Фууууга", "Фу-фуга" деп неше түрлі пікірлермен шулай бастағанда қызығушылығым оянып, көруге деген ниетім пайда болды. Ниетіме қарай аспаннан топ етіп, ойламаған жерден Фугаға шақырылдым. Сөйтіп, тез-тез жиналып, көзілдірігімді ала-салып "Фугаға" келіп қалдым :)
Ал енді фильмнің жайына тоқталсам. Жалпы фильм жаман емес, 5-ақ күнде түсірілген фильм үшін тіпті керемет.
Бірақ ұзаааааааааааааааааааааааааааааааааақ басталып, тез-ақ бітіп қалды. Фильм тым созылып кеткен, сонысымен көрерменін жалықтырып жібереді. Сюжеті өмірден алынғаннан соң көрген адамды ойландырады. Актерлер құрамына келетін болсақ, олар көп емес. Небәрі 3-ақ штук десе болад. Әсел Садуақасова, Рано Омарова және Дастан Оразбеков. Әселге актриса емес, әнші болып жүре берген өте жақсы жарасады екен. Ал Раноға "Жарайсың!" дегім келед. Ана түрімен, ана жүрісімен көрсетілім барысында шынымен еееекі рет қорқытты! Ужс О_о. Ееех, Дастан! Дастан! Бұл кино, бұл роль сен үшін емес екен. Всегда ромааантик "Препод" боп жүре берш!
Фильмнің сапасы жақсы, өте жақсы өңделген! Алайда мен бұл "Фуганы" кинотеатрдан көретін фильмдер қатарына жатқыза алмадым. Мүмкін бір емес, бірнеше оқиғадан тұрғанда... Немесе негізгі бөлімін қысқартқанда... Біздікі пікір ғой. Режиссерлерге виднее!
Егер романтикалық, комедиялық фильмдер арқылы таныс актерлер Әсел, Рано, Дастанеллоны жаңа қырынан көремін десеңіз, мұрны қанаған қыз айдалада машинаның ішінде, аяғы кесіліп не істеп жатқандығын түсіну үшін артық 1 сағатыңыз болса және фугаға ұшыраған адамның іс-әрекеті қандай болатыны қызықтырса барып қайтыңыз! Өкінбейсіз!