-
Madi Bekmaganbetov ⚓
- Тіке сілтеме
- — 27 қараша 2012
- Баға: 6/10
Әділетті сайлаудың әділетсіз үміткерлері
Ағылшыннан орысшаға, орысшадан қазақшаға аударғандағы атауы «Әділетті сайлаудың әділетсіз үміткерлері» дегенге саятын фильм өз басым көңілімнен шыққан жоқ. Бірақ қызықтап қайттым. Неге? Бірінші кезекте таңдалған тақырып – «Саясат». Басқасы басқа, бірақ АҚШ-тағы сайлаудың ерекше науқан екені белгілі. Қатардағы американдық түгілі өзге елдің азаматтары да «АҚШ-тың сайлауы не боп жатыр екен?» деп ғаламторды бір шолары таңданыс тудырмайды. Әрине, бұл американ киномотографиясындағы тың тақырып, ал әңгіме болатын фильм де осы тақырыпта түсірілген алғашқы комедия деп айта алмаймын. Бірақ осы саланың қалтарыс-бұлтарыстары көп болғандықтан филмьді бір көруге болады. Сюжетте сатқындық та, көзге шөп салу да, достық та, ерлік те, ессіздік те қамтылған. Бірден айтайын, бала-шағаңды шұбыртып, не аруыңды қолтықтап баратын кино емес. Анайы қалжың мен көрініске толы кино. Дискіден де оңашада көруге болады.
Басты рөлдерде бұрыннан көріп жүрген Уилл Феррелл мен соңғы бір-екі кинодан байқап қалған Зак Галифианакистан ойнайды екен. Шекті қатырып, күлкіден деміңді талдыратын комедия деп айту артықтау. Десе де Уилл Фареллдің таза американдық қалжың стилін жек көрмейтін және Зак Галифианакистанның орта жастағы имфантильді, бірақ ақжүрек адамның образын қызық көретін адам үшін жаман кино емес. Уилл Феррелл бұл филмьде де өзінің әдепкі образын сомдаған. Надан әрі шаш ал десе, бас алатын есерсоқ адамды ойнаған. Жеңіл әрі қарабайыр американдық қалжыңды сүйетіндердің көңілінен шығатын дүние бір сөзбен.