-
Карибаева Айжан ⚓
- Тіке сілтеме
- — 24 қыркүйек 2013
- Баға: 6/10
Бұл фильмге қолында айфоны бар әр адам өзін баруға міндеттеуі керек. Өйткені Стив Джобс тұлғасы мың жылда бір рет қана дүниеге келетінін жасыруға болмайды. Өмірді өзгерту әр адамның қолынан келетініне сенген, соған айналадағыларын шабыттандырған. Сонысының өзімен де Стив Джобс құрметтеуге лайық.
Ал оның компьютер әлемін төңкеріп, мүлде жаңа деңгейге көтергені жай адамның санасына сыймай кетеді. Міне. Дәл осындай эмоцияны, осындай масштабты көргім келіп еді фильмнен...
Ал менің көріп шыққаным - Джобс мінезінің қарама-қайшылығы, Apple компаниясының директорлар алқасымен бітпеген тартыстар, Кутчердің "а-ля Шрек" асыра сілтеген жүрісі...
Фильм түсірушілер нақты хронологиялық тізбекті бұзбауға, Айзексонның кітабынан ауытқымауға тырысқандай. Соның арасында үлкен идеяны жіберіп алды.
Эмоция бітті. Енді фильмнің жақсы тұстарына келсек, Джобстың тұлға ретінде қалыптасуын жақсы көрсеткен. Алайда оның өзін оның биографиялық кітабымен таныс адам ғана түсінеді. Өкінішке орай фильмді менімен бірге көрген адамдар оны тек айфон мен мак жасаушысы ретінде танитын. Кинодан шыққаннан соң олар тек өз баласын мойындағысы келмеген, досына акцияларды бөлгісі келмеген "қатыгез" тұлғаны көріп шықты.
Қысқаша айтқанда, фильм жақсы. Бірақ одан күткеніміз одан да көп. Кейіпкер тұлғасының ірілігі мен өмірінің қызығы мен шыжығын біле тұра, оның сюжеттік тізбегін қызығырақ, динамикалық қанықты болуы керек еді деген көрермендік өкініш қалады. Мүмкін фильм өзектілігін жоғалтпауы үшін режиссерлер асығыс білдіріп, фильм арасына документалдылық элементтер қосып қанықтыруды артық санаған болар...