• Біздің парақшалар:
  • Эпик

    Epic

Жыл:
2013
Ел:
АҚШ
Слоган:
"Discover a world beyond your imagination"
Режиссер:
Крис Уэдж
Басты рөлдерде:
Колин Фаррелл , Джейсон Судейкис , Джейсон Харрис , Кристоф Вальц , Аманда Сайфред , Джош Хатчерсон , Стивен Тайлер , Питбулл , Бейонсе Ноулз , Джуда Фридлендер , Азиз Ансари , Блейк Андерсон , Крис О’Дауд
Сценарий:
Уильям Джойс , Том Дж. Эстл , Мэтт Эмбер
Продюсер:
Джеймс В. Харт , Лори Форте
Жанр:
Фэнтези , Отбасылық , Қызық оқиғалы , Мультфильм
Бюджет:
$100 000 000
Әлемдік табысы:
$268 418 682
Әлемдік премьера:
16 мамыр 2013
Қазақстандағы премьера:
25 мамыр 2013
Жас шектеуі:
PG - Ата-аналардың қадағалауы ұсынылады
Ұзақтығы:
102 минут
Суреттеме:

Жас Мэри Кэтрин араға ұзақ уақыт салып әкесі - профессор Бомба тұрып жатқан үйіне оралады. Әке қызына тіпті көңіл бөлмейді, ол көпшіліктің көзінен таса құпия орман әлемін зерттеумен айналысады. Қыз адамдардың аяғының астында мейірімділік пен зұлымдық үшін кескілескен шайқас болып жатыр дегенге сенгісі келмейді. Бірде Мэри Кэтрин кішірейіп кетіп, кішкентай жауынгерлермен танысады. Ол енді ғажайып орманды ғана емес, адамдар әлемін де құтқаруы тиіс...

Рейтинг:

7,5

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/old.kinostan.kz/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/old.kinostan.kz/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.7(99022)
  • Кинопоиск: 6.916(38168)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (2)

  • Қаладан тыс зәулім әрі шусыз үйдегі жан тыныштығын қалыптастыратын атмосфера көңіліңізге жағатын болар? Әсіресе, ондағы өткенді еске салатын дүниелерді көріп, көңілге медет тұтатын кездер аз емес.

    Жастық шақтың қызықты дәуірі болған жерге қайта оралып, бастан жаңадан қызықты естен кетпес саяхат ұйымдастыру кімге болса да тосын сый болатыны ақиқат. Ақ пен қараның айқасы, аманатқа адалдық, әділетсіздікке қарсы ерлікті суреттейтін туынды барлық жастағы көрермендерге арналған. Ендеше, Мери Кетринмен бірге табиғаттың тылсым дүниелеріне куә болып, армандап қана елестететін тіршілік иелерімен өмір сүруге бірге аттанып қайтуыңызға тілектеспін дегеннен басқа айтар жоқ.

  • Эпик: өте дұрыс мультфильм

    Кеше Кинопарктың шақыруымен «Эпикті» көріп қайттым. Көргеніңді айта отыру ежелден қалған дәстүр-дүр, ендеше мен де бір ауыз сөз сүйкей кетейін.

    Туынды туралы таңды таңға ұрып әңгіме соғу мүмкін емес (аса бір көкмылжыңдықтың шырқау шегіне жеткен шебер болмасаң), себебі ол... өте сондай бір дұрыс мультфильм. Ағы ақ, қарасы қара. Дұрыс-бұрысы белгілі. Қалжыңдары стандартты, жағымды кейіпкерлері әдемі, еңселері биік, жауырындары қақпақтай, омыртқалары түзу. Жағымсыз кейіпкері шіріген батпақта өмір сүреді, ойлайтыны тек жауыздық.

    Әйтсе де, әлгі «Эпик» әлдебір адамға сүйкімі бар қасиетке ие. Иә, оны сіз трейлерін көргенде-ақ байқаған шығарсыз. Мүмкін, қызылды-жасылды, көзге ұнар, көңілге жағар түстердің көптігі, мүмкін сіздің бала кезіңізде бау-бақшаның быжынаған тіршілігіне қарап тұрып шырқатқан қиялыңыздың экранда көрсетілуі, әйтеуір әдемілігі жоқ емес.

    Сюжеті санына сансыратып, миыңды мыжыратпайды: орман ішінде жасыл желек пен қалың ағашты қара ниетті, әлемді тек шірітіп ұстауды армандайтын Манрейктың қаптаған әскерінен қорғап отырған лифмандар бар. Кішкентай құстарға мінген жасыл жауынгерлер қолбасшылары Ронин бастап, патшайымдары Тара қостап қарға ауыздықтаған жексұрындарға қарсы нағыз соғыс баталияларын ұйымдастырады.

    Ал басты кейіпкер, қарапайым қыз, кәдімгі адам Мэри Кэтрин ғажайыптың күшімен, сиқырдың ісімен кішірейіп лифмандар жағына бір-ақ шыққанын өзі де білмей қалады. Басқалар секілді колибри емес, торғай мінген Нод екеуі алақандай орманды (бұлар үшін бүтін бір әлем) ары-бері шарлап, небір қызықты көреді.

    Осы. Байқап отырған шығарсыз, бәлен-түген деп әңгімелегеннен артық ештеңе көре алмайсың. Бірақ, маған ұнаған «Эпиктің» үш қасиеті бар.

    Бірінші. Мультфильмнің түсі. Иә, иә, қызылы, жасылы, сарысы дегендей. Түстік гамма кішкентай бала мен егде адамға қатар ұнағанын көзім көрді.

    Екінші. Батл-сахналар. Колибри құсты ауыздықтаған лифмандар мен қарғалы жауынгерлер арасындағы соғыс әжептеуір шыққан. Кәдімгідей адреналин сыйлауы мүмкін J

    Үшінші. Музыка. Саундтректерін Дэнни Эльфман жазған туынды жаман болмайды-ау деп бал ашып едім өзімше. Интросынан бастап, титрдағы композицияларына дейін сапалы, жағымды, сиқырлы.

    Сонымен, «Эпик» қандай мульфильм? Алғашқы кезекте ойын балаңыз болса, оны ертіп барыңыз. Ұнары сөзсіз. Оның үстіне, бүгінгі күнгі «шегіп» алып түсіріліген біраз анимациялық дүниеге қарағанда жақсы мен жаманды ажыратып көрсететін осындай бейкүнәлау жобалар керек-ақ. Өзіңізге де ұнарына сенімім мол.

     

    Зы. Алаулатып-жалаулатып айтқан актерлық құрамы туралы (Колин Фаррелл, Джейсон Судейкис, Джейсон Харрис, Кристоф Вальц, Аманда Сайфред, Джош Хатчерсон, Стивен Тайлер, Питбулл, Бейонсе Ноулз) ештеңе жаза алмаймын. Тек сырт бейнелерінің ұқсастығы болмаса, толық шеберліктерін орыс тіліндегі дубляждан байқау мүмкін емес.DVD-релизін күтеміз енді.