• Біздің парақшалар:
  • Арнайы өкілдер (мини-сериал)

Жыл:
2015
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Серікбол Өтепбергенов
Басты рөлдерде:
Тілектес Мейрамов , Сырым Қашқабаев , Ғазрет Ержанов , Орынбасар Тазабеков
Продюсер:
Әлия Уәлжанова , Борис Чердабаев , Елдар Қапаров
Жанр:
Детектив
Қазақстандағы премьера:
16 желтоқсан 2015
Жас шектеуі:
-
Ұзақтығы:
42 минут
Суреттеме:

Телехикаяның әрбір бөлімінде жаһандық қауіпсіздік жүйесінің қолданыстағы тенденцияларының биігінен көрінген қазақстандық барлау және қарсы барлау қызметкерлерінің образдары әмбебап мамандар ретінде ашылады. Әрбір серияда ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бүгінгі қызметкерлері мемлекеттік қауіпсіздіктің халықаралық   жүйесіндегі ең заманауи үрдістегі бірегей әмбебап маманы ретінде бейнеленеді. Көрермендер 90 жылдары бастау алып, ҰҚК органдары қызметкерлерінің түрлі тағдырларымен қиылысып,  бүгінгі күнге ұласқан оқиғалардың куәсі болады.

 

Сериалдың бас кейіпкерлері – Саматовтар офицерлер әулетінің өкілдері. Әулеттің үлкені құрметті демалысқа шықса, кенжесі өзінің қызметтік мансабына жаңадан кіріседі. Аталған оқиға бір әулетпен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде қызметін адал атқарып келе жатқан ҰҚК түрлі ведомстволарының қызметкерлері мен әскери қызметкерлері – талдаушылар мен оперативтік қызметкерлер, арнайы қызмет өкілдері мен шекарашылар туралы сыр шертеді. Кейіпкерлер арқылы хикая авторлары ұлт тағдыры отандық арнайы қызметтің ақылды, сенімді және батыл өкілдерінің қолдарында болғанда халықаралық терроризм қауіп-қатерінің еліарнаймізге төнбейтінін алға тартады. Фильм жас ұрпақтың бойында әскери-патриоттық сезімді тәрбиелеуге және азаматтық қоғамның қарсы барлау санасын қалыптастыруға бағытталған.

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)