• Біздің парақшалар:
  • Қозы Көрпеш - Баян сұлу (мини-сериал)

Жыл:
2017
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Дархан Саркенов
Басты рөлдерде:
Жақсыбек Құрманбеков , Ергенбай Әбуев , Гүлзада Тұрлаш , Марат Абай-Ділдә , Ержан Мұхатаев , Тұрсын Құралиев , Махаббат Сарқытбаева , Ақниет Орынтай , Марат Абдуллаев
Сценарий:
Рашид Сүлейменов , Әннас Бағдат
Продюсер:
Баян Мақсатқызы , Ғалия Байбосынова
Жанр:
Мелодрама
Қазақстандағы премьера:
25 желтоқсан 2017
Жас шектеуі:
БА - Он екi жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiлген фильмдер
Ұзақтығы:
42 минут
Суреттеме:

Бұл махаббат дастаны Қарабай мен Сарыбайдың аңшылықта жүріп ант берісіп, бел құда болғанынан басталған. Сарыбай опат болған соң Қарабайдың ақымақтығы мен сараңдығының кесірінен берген сертінде тұрмай, қызын алып көшіп кеткендіктен, екі жас бір-бірін білмей өскен еді. Бірақ, Қозы ер жете келе сүйіктісіне аттанып, жол  қиындығы мен дұшпанның тезіне төтеп беріп, бар ауыртпалықты  жеңіп, сүйіктісіне қосылады.  


«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры халқымыздың екі мың жылдық тарихқа ие рухани мұрасы. Екі ғашықтың мөлдір сезімін арқау еткен жыр - бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа қалдырған махаббат пен достық, пәктік пен тазалық, ізгілік пен адамгершілік туралы асыл ойларының жалғасы. Соның айғағы Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты бүгінде жастарға ғашықтықтың биік символы болып саналады.  


Телехикаяда халқымыздың ежелгі салт-дәстүрі, наным-сенімдері, тұрмыстық рәсімдері толық суреттеліп, көркемделіп көрсетіледі. Сонымен қатар, сол заманның сарынына сай тұрмыс-салт жырлары: бақсы сарыны, бәдік, тойбастар, сыңсу, жар-жар, айтыс, қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау т.б. қамтылады.

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)