• Біздің парақшалар:
  • Бастық боламын (сериал 2016 - 2017)

Жыл:
2016
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Ерлан Қасымжанұлы
Басты рөлдерде:
Болат Әбділманов , Жүсіп Ақшораев , Дархан Дайырбек , Ерлан Қасымжанұлы , Ергенбай Әбуев , Гүлнар Байбосынова , Қадырғазы Қуандықов , Уәлибек Әбдірайымов , Нұрбол Айтулов , Дәнекер Оразбаев , Дильен
Сценарий:
Ерлан Қасымжанұлы , Бауыржан Орда , Тағай Нұралиев , Оңдасын Құлымбетов , Дастан Жайнақ , Әнуарбек Тұржігітов
Продюсер:
Ерлан Қасымжанұлы
Жанр:
Комедия
Қазақстандағы премьера:
5 желтоқсан 2016
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
40 минут
Суреттеме:

Арман қалада өскен жігіт. Оқу бітірген соң біраз уақыт бос жүреді. Бір күні құмар ойындарына барады да, Төбет деген адамның ойынына кесірі тиіп, ол жерден қашып кетеді. Төбеттің мұны таппай қоймайтынын білген ол оның қаһарынан қаймығып, "Бүлдірген" деген ауылға келіп паналайды. Ауылға келген соң әкесінің інісі Мансұр дейтін кісінің үйінде тұрып, ауыл әкімінің орынбасары болып жұмыс істей бастайды.

 

Ә дегенде тегіс жолы, байланыс қызметі, интернеті жоқ ауылға көндіге алмай, қалаға қашып кеткісі кеп, амалсыз ауылда жүреді. "Жаман ауыл екен" дегені үшін ауыл бұзақыларынан таяқ жейді. Бірақ уақыт өте келе оның белсенділігімен ауылда біраз өзгерістер болады. "Бүлдірген" аулына телефон байланысы орнатылады. Оның үстіне ауылдан жақсы достар тауып алады, әкімнің қызы Алтынайға ғашық болады, сондықтан да ауылдан кеткісі келмей, бауыр басып қалады. Бір күні баяғы бұған тіс қайраған Төбет газеттен Арманның хабарын біледі де, дереу соңынан кісі жібереді, алдына әкелдіреді. Бұл жолы да амалын тауып, Арман одан құтылып кетеді. Енді Төбет оның соңына шындап түседі. Абырой болғанда, Мансұр ағасы Төбеттің әскердегі досы болып шығады да, соның арқасында одан біржола құтылады.

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)