• Біздің парақшалар:
  • Ақылдың кілті. Өмірдастан (сериал)

Жыл:
2016
Ел:
Қазақстан
Режиссер:
Мұрат Бидосов
Басты рөлдерде:
Дулыға Ақмолда , Виталий Куприянов , Бақытжан Әлпейісов , Бауыржан Қаптағай , Медгат Өмірәлиев , Дархан Сүлейменов , Данияр Базарқұлов , Гүлнар Жақыпова , Ерлан Кәрібаев , Досжан Жанботаев , Асылболат Смағұлов , Нұргүл Мағауина , Ербол Ыдырысов , Мөлдір Қонысқызы , Әлия Даниярова , Сағындық Жұмаділ
Сценарий:
Мұрат Бидосов
Жанр:
Драма
Қазақстандағы премьера:
12 қаңтар 2016
Жас шектеуі:
Б14 - Он төрт жасқа дейiнгi көрермендерге ата-аналарымен бiрге көруге ұсынылатын фильмдер
Ұзақтығы:
40 минут
Суреттеме:

1 маусым: 

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының мол мұрасының бірі «Қара сөздері». Қашан да қара сөздері өміршең. Кешегі күннің де, бүгінгінің де, тіпті болашақтың да тамырын дөп басады.  «Ақылдың кілті» Абайдың «Қара сөздерінің» мазмұнын қамтып, бір әулеттің үш ұрпағы басынан кешкен қилы оқиғаларды арқау еткен телехикая. Тағылымы терең ғажайып туындының бүгінгі ұрпаққа берер тәлімі мол. 


2 маусым:

Телеэпопея қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Қара сөздерінің»  философиясы негізінде түсірілген, дегенмен  ұлы ойшылдың  көркем туындыларының тікелей желісіне құрылмаған. Екінші маусымда әр бөлімнің тақырыбына сай екі пареллел сюжеттік желі құрылады. Қатар өрбитін сюжеттік желі 19-ғасырдағы өмір көрністері мен бүгінгі өмірдің өзекті мәселесіне ұласып отырады.  Яғни, әр фильм 19-ғасырда болған бір оқиғадан бастау алып, дәл сол замандағы күрмеуі шешілмеген мәселенің бүгінгі күнде де қоғамымызда бар екенін меңзеп тұратындай көркемдік шешіммен қатар көрініс табады. Фильмнің соңғы нүктесі  ұрпақтар сабақтастығын жалғастыратын Абайдың «Қара сөздерімен» түйінделеді және ұлы ойшылдың ойлары уақытқа бағынбайтындығын дәлелдейді.

Рейтинг:

0

  • Дауыс бергендер: 0
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (0)