• Біздің парақшалар:
  • Мұхиттар арасындағы сәуле

    Свет в океане

    The Light Between Oceans

Жыл:
2016
Ел:
АҚШ , Ұлыбритания , Жаңа Зеландия
Слоган:
"Love demands everything"
Режиссер:
Дерек Сиенфрэнс
Басты рөлдерде:
Рэйчел Вайс , Алисия Викандер , Майкл Фассбендер , Энтони Хэйес , Флоренс Клери , Джек Томпсон , Томас Унгер , Джейн Менелос , Гарри МакДональд , Бенедикт Харди
Сценарий:
Дерек Сиенфрэнс
Продюсер:
Рози Элисон , Джеффри Клиффорд , Том Карновски
Жанр:
Драма , Мелодрама
Бюджет:
$20 000 000
Әлемдік премьера:
1 қыркүйек 2016
Қазақстандағы премьера:
8 қыркүйек 2016
Жас шектеуі:
PG-13 - 13 жасқа дейінгі балаларға көруге ұсынылмайды
Ұзақтығы:
130 минут
Суреттеме:

Том соғыстан оралған соң Изабель деген сұлуды кездестіреді. Арадағы пайда болған махаббат Изабельді құлпыртып жібереді, ал түңіліп жүрген Томның өмірге деген сенімін оятады. Екеуі үйленіп, бөлек аралға қоныстанады. Бір күні жағаға ығып келген қайықтан кішкентай сәбиді тауып алады. Олар бүлдіршінді асырап алуға бел байлайды, бірақ бұл таңдаудың кері салдары бар еді.

Рейтинг:

9

  • Дауыс бергендер: 1

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/old.kinostan.kz/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/old.kinostan.kz/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 7.2(56233)
  • Кинопоиск: 7.263(45436)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • Киноны жылайтын, "өмір неткен әділетсіз" деген тізімдер жиынтығына қосып қойыңыз. Жылайтын кино екен деп көрмей қалмаңыз, керісінше өмірде бәрі мүмкін екеніне көз жеткізу үшін көріңіз. Жалпы әйел мен еркектің махаббаты, аналық махаббат пен адамгершіліктің ең жоғарғы сатысын көрсете алған жақсы туынды.

    Елсіз аралда қалай бақытты болуға болады? Бұл кино осы сұрақтың жауабын береді. Иа, бақытты болуға болады. Ол үшін сен ауыр тағдырдан кейін тыныштыққа тап болып, ол жерге сүйіктіңмен барып бақытты отбасы болсаң елсіз аралда екі адам болып бақытты ғұмыр кешуге болатынын көрсетеді. Ессіз ғашық болған жан балалы болғысы келеді, алайда, өмір қатал...

    Екі баласынан айырылып қалған ананың қайықпен ағып келген жетім баланы өзінің баласындай аялап өсіргісі келетін аналық махаббатын тек көру керек шығар. Әйелін сүйген еркектің әйелінің бақыты үшін қылмысқа көз жұма қарағанын қалай кешіргеніңді білмей қаласың...

    Кино өте әдемі жерде, керемет табиғи дыбыстар ортасында жақсы түсірілген. Табиғаттың әсемдігін, екі жастың бақытын режиссер де актерларда жақсы бере алған. Киноға таңдалған актерлар құрамының мықтылығын, олардың рөлді алып шығу қатты ұнады.