• Біздің парақшалар:
  • Анна Каренина / Anna Karenina

Жыл:
2012
Ел:
Ұлыбритания
Режиссер:
Джо Райт
Басты рөлдерде:
Аарон Тейлор-Джонсон , Джуд Лоу , Оливия Уильямс , Кира Найтли , Келли Макдоналд , Мэттью Макфэдиен , Арухан Ғалиева , Донал Глисон , Рут Уилсон , Алисия Викандер , Эмили Уотсон
Сценарий:
Том Стоппард
Продюсер:
Тим Беван , Пол Уэбстер
Жанр:
Драма
Әлемдік табысы:
$69 987 859
Әлемдік премьера:
7 қыркүйек 2012
Қазақстандағы премьера:
3 қаңтар 2013
Жас шектеуі:
R рейтингі - 17 жасқа дейінгі тұлғалар үшін ересектердің қадағалауы міндетті
Ұзақтығы:
129 минут
Суреттеме:

Лев Толстойдың аттас танымал романының желісімен.

Рейтинг:

6

  • Дауыс бергендер: 2

  • Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/old.kinostan.kz/application/views/scripts/film/view.phtml on line 193

    Strict Standards: Only variables should be passed by reference in /var/www/vhosts/kinostan.kz/old.kinostan.kz/application/views/scripts/film/view.phtml on line 194
  • IMDb: 6.6(89260)
  • Кинопоиск: 6.82(78497)
Фильмді бағалау үшін сайтқа кіру немесе тіркелу керек.


РЕЦЕНЗИЯЛАР (1)

  • «Анна Каренинаның» кезекті экранизациясын көрдік. Левиннен басқасының образы сұрақ күйінде қалған сияқты. Неге өйтті? Неге бүйтті? Мұнысы дұрыс па?..

    1. Әйел өзі сүйетін еркекке тиесілі болғысы келеді. Бұл, батысша ойлайтын қазіргі қоғамға түсінікті ой. Бірақ «сезім адамгершіліктен аттаса, құнсызданады» – бүгінгі күн үшін «жаңалық» болуы мүмкін. «Страсть во имя страсти я не приемлю» дейді Левин. «Я люблю тебя» – это не значит «я на всех наплевал» (Б.Гребенщиков). Толстой да махаббаттан ең алдымен мораль, адамгершілік категорияларын іздеген. «Сен менің ұятымды өлтірдің» дейді Каренина. Ал махаббат адамның арына қиянат жасамау керек, қайта жанын биіктетсе керек еді. Яғни, «Махаббат махаббат үшін» (Анна-Вронский) емес, «махаббат ізгілік үшін» (Левин-Китти).

    2. Еркек әйелінің көзіне шөп салса, заңды құбылыс сияқты қабылданады. Бірақ әйел де дәл солай, сатқындыққа қабілетті. Бір ғана айырмашылық – еркек кетсе де, әйел бар жерде отбасы бар (Долли мен Стива). Ал әйел кеткен жерде отбасы болмайды (Каренин мен Анна).

    3. Каренина неге пойыздың астына түсіп өлді? Ұяттан емес. «Злой дух» дейді Анна. (кинода – қызғаныш). Ал тереңдеп қарағанда Анна мен сүйіктісінің арасындағы кісіліктің теңсіздігінен.

    4. Біз бәріміз өзімізді қоршаған ортаның тұтқынымыз. Біз осы сөздерімізді оқып отырған сіздің, сіз – біздің. Романдағы негізгі «қоғамдық» ойды режиссер декорациялармен ойнау арқылы жақсы жеткізген (әрі үнемдеу). «Ол кезде қоғамдағы қарым-қатынастың бәрі осындай жалған, жасанды болатын» деген ойды оқисыз. (Қазір өзгерді ме?).

    Табиғат аясында тек қана үш көрініс бар: 1) дворяндық санадан арылғысы келіп, шөп шабатын Левин. 2) Анна мен Вронскийдің бақытты сәті. 3) ең соңындағы, Карениннің өгей қызын бауырға басқан (бәрі-бәрін мейірім жеңді) көрінісі. Бір қызығы, кинода Анна (Кира Найтли) таяздау көрінсе (максимум назар - сезімге), Каренин (Джуд Лоу) тереңдеу сияқты (әйтеуір жағымсыз кейіпкер емес). Не болса да, түсірілімі жағынан (кейбір жасандылықтарын есепке алмағанда) қызықты экранизация.