• Біздің парақшалар:

«Жүрегім сізге аманат» телехикаясы

Телехикая туралы

Сценарий авторы: Денис Охара (Denise O'Hara), Ника Лейсон (Nika Layson), Жимиел дела Круз (Jimuel dela Cruz), Декстер Хемедиз (Dexter Hemedez), Алфа Кристин Фортун (Alpha Kristine Fortun).

Режиссері: Джеффри Джетуриан(Jeffrey Jeturian), Мервин Брондиал (Mervyn B. Brondial)

Шығарушы ел: Филиппин Республикасы (2012)

Эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма 22.40

Ұзақтығы: 45 минут

Жанры: драма

Байланыс телефоны: 8 (7172) 55-37-74

E-mail: info@kaztrk.kz

Қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.

Ақша жетіспеген соң Майя отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі.

Қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті - әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай. Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады.

Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың бұл үйге келуі оларға қуаныш сыйлады.

Жүрегім сізге аманат» телехикаясы көрсетіледі

5 тамыздан «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жүрегім сізге аманат» атты  телехикая көрсетіледі. Қарапайым тұрмыс кешіп жүрген әпкелі-сіңлілі Майя мен Кристина Сан-Николас қаласында гид болып жұмыс істейді.

Ақша жетіспеген соң Майя отбасын таршылықтан құтқармақ болып шетелге жұмыс істеуге кетеді. Бойжеткен өзін жұмысқа шақырған әйелдің алдап соққанын Манилаға келген соң бірақ біледі. Қалада ақшасыз, үйсіз қалған қыздың ендігі үміті - әуежол қызметіне ықпалы бар Ричард атты бай.

Ол қыздың көңілін қайтармай көмектесетінін, бірақ, бала күтуші болып жұмыс істеуіне тура келетінін айтады. Әйелі қайтыс болған соң үш баласымен қалған Ричардтың үйі құлазып қалғандай еді. Мейірімді қыздың бұл үйге келуі оларға қуаныш сыйлады.

Ричард Лим – «Lim» әуе компаниясының президенті әрі жетекшісі. Әйелі қайтыс болған. Люк, Никки және Эбигейл атты үш баланың әкесі. Люк – үйдің үлкені. Момын әрі бүлікші бала. Никки – ортаншы қыз.

Анасы қайтыс болған соң, жұмысбасты әкесінің мейіріміне қана алмай жүрген ол Майяның махаббатына бөленеді. Эбби – үйдің кенжесі. Майяға дейінгі бала күтушілердің ешбірі бір аптаға жетпей жұмыстан шығып кететін. Себебі, Эббидің мінезіне шыдау мүмкін емес. Ал, Майяны ол өзін әуежайда құтқарып қалған соң, жақын тарта бастайды.

Бірінші маусымы 100 бөлімнен тұратын телетуындыда басты рөлдерде Джоди Мария, Ричард Яп, Джером Понс, Джанель Сальвадор, Мутия Оркия ойнайды. Телетуынды Ұлттық арнадан дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:40-та көрсетіледі.

АНОНСТАР:

Бүгін 22:40-та «Жүрегім сізге аманат» телехикаясы эфирде

http://kaztv.kaztrk.kz/kz/media/ajax/brandVideo/41815?ajax=true&width=710&height=410

Бүгін 22:40-та «Жүрегім сізге аманат» телехикаясының 7-бөлімін көріңіз

http://kaztv.kaztrk.kz/kz/media/ajax/brandVideo/41816?ajax=true&width=710&height=410

Пікірлер

    • |
    • 1 желтоқсан 2015 01.12.2015
    • |
    • 21:45