• Біздің парақшалар:

Х-адамдар: Өткені мен болашағы

Достар, 2014 жылы 22 мамырда "Х-адамдар" ("X-Men") сериясының кезекті туындысы жарық көреді. "Х-адамдар: Өткен болашақтың күндері" ("X-Men: Days of Future Past") - аты айтып тұрғандай, сюжеті өткен шақты, қазіргі шақты және болашақты қамтиды, сондай-ақ осыған дейін түрлі серияларына қатысқан біраз кейіпкерлердің басын қосады. Бұл - "Х-адамдар" франшизасының "таңдамалылар жинағы" десек те болады.

Осы орайда, киносериалдың осыған дейін жарық көрген бөлімдеріне бір тоқталып, еске салуды жөн көрдім. Тізімге Росомаха (Құну) туралы фильмдерді қоспадым, оны болашақта бөлек қарастырмақпын.

Марвелдің "Х-адамдар" көркем фильмдер сериясы 2000 жылдан бастау алады. Брайан Сингердің "Х-адамдар" кинокартинасы Холли БерриИэн МакКелленФамке ЯнссенПатрик Стюарт секілді жұлдыздардың басын қосты және Хью Джекманды көпшілікке танымал етті. Алғашқы фильм 75 миллион долларға түсіріліп, әлемдік прокаттан 296 миллион доллар табыс әкелген еді. 

Араға үш жыл салып екінші бөлімі жарық көрді. Прокаттағы жолын сәтті болды деп айтуға негіз бар: 110 миллион долларлық бюджетпен 407 миллион тапты. 

Үшінші фильмнен Брайан Сингер кетіп қалды. Бірақ оның есімі сценарийшілер мен продюсерлер тізімінде сақталды. Бретт Рэтнер түсірген фильмнің бюджеті өте ауқымды - 210 миллион доллар, әлемдік кассалық түсімі - 459 миллион доллар.

"Х-адамдар: Бірінші санат" деген атауға ие болған төртінші серияны приквел ретінде қарастыру керек. Өйткені бұнда екі шепке бөлінген мутанттардың көшбасшылары - профессор Ксавье мен Магнитоның жастық шағы, олардың дос болған кезеңі мен неліктен бір-бірінен ажырағаны, жауға айналу себептері баяндалады. Әрине басқа да кейіпкерлердің тарихына көңіл бөлінген. аталған кейіпкерлерді Джеймс МакЭвой мен Майкл Фассбендер сомдады. Фильмді Мэттью Вон түсірді. 160 миллион доллар бюджеті бар кинотуынды әлем прокатынан 353 миллион жинады.

"Х-адамдар" тақырыбы осы аптада шығатын "Өткен болашақтың күндерімен" (айтпақшы, соңғы бөлімде Брайан Сингер режиссерлік міндетіне қайтып оралды) тоқтап қалмайды. Алдағы уақыттарда Құну/Логанға арналған және жалпы мутанттарға арналған фильмдер жарық көреді. 

Пікірлер

  • This is a really inelielgtnt way to answer the question.

  • Play <a href="http://rdubbwrgg.com">intifmarove</a> for me, Mr. internet writer.