• Біздің парақшалар:

Сталинградқа бардың ба?

Негізі көптен күтіп жүрген кином еді. Кеше премьерасына барып көрдім. Былайда жаман емес сияқты, бірақ мен ойлағандай болған жоқ.

Алғашында киномеханиктер қарта ойнап отырып лентаны ауыстырып алды ма дедім. 2011 жылғы Жапониядағы жер сілікінісі, құтқарушылар, орыстың туы желбіреп, Уазиктері улап-шулап басталған киноға Сталинградтың қатысы қанша? Сөйтсем кино осы заманда өмір сүріп жатқан МЧС-ник шалдың аузымен баяндалады екен. Общым соның мамасы туралы. Бондарчук былайда соғыс суреттелетін картиналарды жаман түсірмейтін режиссер ғой. 9-ротадан кейін бірден мұндай тарихи тақырыпқа ауыз салса  оның ойлағаны бөлек. Сталинград ол Сталинград деп отырдық басында.

Негізі бар ғой, бір қала үшін мыңдап емес миллиондап адам өлген мұндай қырғын әлемдік соғыс тарихында болған емес. Демек «Сталинградтың» көтерген жүгі де ауыр болуы керек.  Мен өз басым кинодан  жер қайысқан қол, Германия әскери техникасының қуатты артилериялық соққыларын, естен тандырар әуе шабуылдарын, генералдардың айла-тәсілдерін, жалпы екі алыптың соғыс тактикасын көргім келген еді.

Бірақ оқиғаның бәрі қабырғалары ғана қалған бір үйдің айналасында, оның ішінде бес солдат пен бір қыздың төңірегінде ғана өрбиді.  Алдымен қаланың соғысқа дейінгі шат-шадыман күйі көрсетіліп,  одан кейін бомбыланса (Перл- Харбордағыдай) көрерменге әлде айда әсерлі болар ма еді. Өкінішке орай олай болмады. Кинода толық ештеңе баяндалмайды. Сталинград шайқасының тарихынан бейхабар адамдар үшін бұл қатардағы «соғыс кино». Сосын фильмнің басынан аяғына дейін бітпейтін бір қараңғылық бар. «З00 спартандықта» көжиектер ғана қызарып тұратын ертегі әлемінде жүргендей әсерге бөлейтін эффектілер мұнда да қолданылған. Кейбір жері компьютерлік ойындарға ұқсап кететін сияқты. Айтпақшы, «9-ротадағы» Белоснежка мұнда да бар. Киноның басында  МЧС-ник шал: «менің 5 әкем бар» деп былжыраған болатын. Әкелері сол 5 солдат екен.

Ұнаған жерлері орыстың әсіре патриотшылдыққа бұрып кеттін пафостық көріністер бар, бірақ жасырып көрсетеді. «За победу, за Сталина!» мүлдем жоқ. Кино генерал Паулюстің аш-арық соңғы 100 мың әскерімен тұтқынға берілуімен, аяқталама деп едім, олай да болмады. Сталинград 5 солдаттың өлімімен аяқталды. Бондарчук тарихи фактілерді көрермендер көзіне жылыұшырата алмады. Ол голливудтық модаға қарайлап,  Оскардан бірдеңе түсіп қала ма деп дәметкен сияқты.

 

Пікірлер

  • Кино жақсы шықты, бірақ көнілімнен шықпады.