• Біздің парақшалар:

2015 жылғы жаздың үздік жаңа сериалдары (2 бөлім)

2015 жылдың жаз мезгілінде шығатын жаңа сериалдарға шолуымызды жалғастырамыз. Бірінші бөлімі өткен материалда.

Хайуанаттар бағы (Zoo)

Фото көзі: cbs.com

Нағыз "жазғы попкорн-триллер" осы шығар, сірә. Джеймс Паттерсонның шығармасына негізделген сериалда белгісіз себеппен хайуанаттардың кенеттен адамдарға жаппай шабуылдауы баяндалады. Автордың өзі бұл телешоуды "шығармаларының ішіндегі ең үздік экранизация" деп атапты. 

Сериал CBS арнасында 30 маусымнан бастап шығады.

Превью:

Американың ылғалды ыстық жазы: Лагердегі алғашқы күн (Wet Hot American Summer: First Day of Camp)

Фото көзі: time.com

Бұл телешоу сонау 2001 жылы шыққан аттас фильмнің приквелі болып саналады. Фильмде жазғы лагерге жиналған адамдардың басынан өткендері, олардың демалыстарының соңғы күні сатирамен баяндалған болатын. Ал сериалда бұл оқиға қалай басталғаны көрсетілмек. Актерлік құрамы таңғалдырмай қоймайды: Джейсон ШварцманПол РаддЭми ПолерБрэдли КуперМолли Шеннон, т.б.

8 сериядан тұратын бірінші маусымды Netflix сервисі арқылы шілденің соңынан бастап көруге болады.

Ролик:

 

Блант сөйлеп тұр (Blunt Talk)

Фото көзі: starz.com

Уолтер Блант есімді британ тележүргізушісі туралы күлкілі хикая. Ол Лос-Анджелеске көшіп барып, сол жақта өз телешоуын ашады. Басты рөлді әйгілі Патрик Стюарт сомдайды.

Алғашқы маусымның премьерасы 22 тамызға белгіленген. Сериал Starz арнасынан көрсетіледі.

Тизер:

 

"Тірі өліктерден қорқыңдар" (Fear the Walking Dead)

Фото көзі: forbes.com

Әйгілі "Тірі өліктер" сериалын бәрі білетін шығар? Жаңа телешоудың соған қатысы бар. Дәлірек айтсақ: оқиға "Тірі өліктердің" әлемінде өрбиді, бірақ кейіпкерлер мен оқиға орны бөлек. Негізгі сюжет бір отбасының төңірегінде өрбімек. 

Спин-офф AMC арнасында тамызда жарық көрмек.

Тизер-трейлер:

 

Материалымызды жазуға okino.ua сайтындағы мақала себеп болды

Пікірлер