• Біздің парақшалар:

Мэттью МакКонахидің 8 қыры #2

5. Мэттьюді «Далластың сатып алушылар клубында» («Dallas Buyers Club») тану тіптен қиын. Мұрт қойған, ковбойдың үлкен қалпағын тастамайтын ап-арық біреу.

Мәкең осы фильмдегі рөлі үшін 22 кг-ға арықтапты. Ал оның әріптесі Джаред Лето 13 кг салмақ тастаған. Бұндай құрбандық елеусіз қалмады, СПИД-ке шалдыққан кейіпкерлерді сомдағандары үшін екеуі де «Оскар» алды.

«Далластың сатып алушылар клубы» фильмінен үзінді:

 

6. «Уолл-стрит қасқыры» («The Wolf of Wall Street») да, «Далластың сатып алушылар клубы» секілді өмірде болған оқиғаларға негізделген, демек кейіпкерлердің де прототиптері өмірде бар (болған). Бұл фильмде МакКонахи басты рөлде ойнамайды. Бірақ экранда пайда болған аз уақыттық образын көпшіліктің ұмыта қоймаған шығар, сірә.

Әсіресе, басты кейіпкерге (Леонардо ДиКаприо) сергек болу үшін онанизммен айналысуға, кокаин қабылдауға кеңес беретін тұсы ерекше есте қалды.

«Уолл-стрит қасқыры» фильмінен үзінді:

 

7. Осыдан кейін Мэт кинода емес, күтпеген жерден сериалда жарқ етті. «Нағыз детектив» («True Detective») деп аталатын тележобада Вуди Харрельсон екеуі бірнеше жыл бойына сериялы кісі өлтіру оқиғаларын тергейді.

«Нағыз детективте» Мэттью МакКонахиді екі кейіпте көреміз: біріншісі – 1995 жылғы жас детектив, екіншісі – арада 17 жыл өткеннен кейін бұрынғы істі қайта қолған алған жігіт ағасы (2012).

«Нағыз детектив» сериалынан үзінді:

 

8. Мэттью МакКонахидің даңқын асқақтата түсетін сегізінші фильм әлі шыққан жоқ. Бірақ "Интерстеллар" ("Interstellar") жобасына Кристофер Нолан режиссер болғанын ескерсек, сондай-ақ актердің драматикалық образдарға бойы үйреніп қалғанын қаперімізге алсақ – фильмнің сәтті болатынына қазірден бастап сеніммен қарауға болады.


Фантастикалық картина алыс ғарышқа сапар шеккен зерттеушілер туралы баяндалады. Бұл Мәкең үшін ең ауқымды жоба болатын тәрізді. Не де болса, барлығына 2014 жылы қарашада көз жеткіземіз.

"Интерстеллар" фильмінің трейлері:

Пікірлер