• Біздің парақшалар:

Ғашықтар күніндегі МакКлейннің қайта оралуы

Құрметті оқырмандар, Киностан сіздерге 14 ақпан күні қазақстандық прокатқа шыққан жаңа фильмдер туралы шолуын ұсынады. Кинотеатрға барар алдында міндетті түрде біздің материалды қарап шығуды ұмытпаңыз :)

360 / Калейдоскоп любви

Соңғы жылдар танымал бола бастаған альманах форматындағы кезекті драма. Түрлі қалалар мен елдерден шыққан кейіпкерлер туралы бірнеше оқиға берілген. Әлеуметтік деңгейлері әр түрлі бұл адамдарды бір нәрсе біріктіреді, ол - махаббат.

Фильмге Джуд ЛоуРейчел ВайсВладимир ВдовиченковБен ФостерЭнтони Хопкинс секілді біз танитын белгілі актерлар қатысқан. 

Тірі қалудың сәтті күні / Крепкий орешек: Хороший день, чтобы умереть

Брюс Уиллистің аңызға айналған кейіпкері Джон МакКлейн қайта оралды!

Ұлын түрмеден алып шығу үшін Мәскеуге аттанған МакКлейн қылмыстық топтардың ордасына қалай түскенін байқамай қалады. Баскесерлерге қарсы күресте әкелі-балалы екеу алауыздықтарын жинап қойып, қолдарына мылтық алып, жеңіс жолына бірге шығады.

Шебер / Мастер

Хоакин Феникстың үздік актерлік ойыны деп танылған фильм. Күрделі, ойға жетелейтін туындыларды ұнатсаңыз, "Шеберді" жіберіп алмаңыз. 

Әскерден оралған өткені жұмбақ теңізші соғыстан кейінгі Америка өміріне бейімделмей, сырт қалады. Тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүріп бас кейіпкер діни культтің негізін қалаған танымал жазушы, философпен танысады. Уақыт өте келе теңізші өз сенімі туралы, ұстазының шын бет-бейнесі туралы ойлана бастайды. Алайда кейбір құпиялардың жасырулы күйде қалғаны дұрыс еді...

Мүмкін емес / Невозможное

Наоми Уоттс пен Юэн МакГрегор түскен драма. 2004 жылы Оңтүстік-Шығыс Азияда болған цунами кезіндегі оқиғалар туралы кинотуынды бір отбасының басынан өткен қиындықтар және адам күресін суреттейді. 

Көркем жаратылғандар / Прекрасные создания

Лена Дюкейн оңтүстіктің Гатлин деген шағын қаласын көрген адамдардың бәрінен ерекшеленеді. Ол өз отбасынан ғасырлар бойы қалмай келе жатқан күш пен қарғысты тыю үшін өз-өзімен күреседі. Бірақ ұмытылған Оңтүстіктің қаулап кеткен бақтары, қою батпақтары мен құлаған молалары құпияны мәңгі жасырып тұра алмайды. 

Гатлиннен қашуды ойлап жүрген Итан Уэйттің түсіне өмірінде кездеспесе де, бір тамаша қыз ене береді. Лена қаладағы ең көне және ең қорқынышты үйіне тұруға келгенде, Итан оған бірден ғашық болып, араларындағы байланыстың құпиясын ашуға тырысады. 

Қауіпсіз айлақ / Тихая гавань

Кэти көп жылдар бойы күйеуінің қатігездігінен жапа шегіп келді. Жақсылықтан үмітін үзген ол үйінен қашып, оңтүстіктегі шағын қалаға қоныстанады. Кэти әлі жаңа қарым-қатынастарға дайын емес еді. Бірақ оның өмірінде Алекс Уитли есімді бұрын әйелі қайтыс болған еркек пайда болады. Енді екеуінің алдында белгісіз болашақ тұр, ал Кэтидің күйеуі оны іздеуге шыққан еді.

Фильмге Джош Дюамель пен Джулианна Хаф түсті. 

Құрметті киносүйерлер!

Киностан алдын-ала хабарланған, бірақ дер кезінде прокатқа шықпай қалған туындылар үшін жауап бермейді.

Шолу Киностан сайтында жарияланған мәліметтер негізінде дайындалды. Туындыларға қатысты өз ой-пікіріңізді сайттағы фильмнің жеке бетінде қалдыра аласыз.

Сіздерге тек қызықты фильмдер тілейміз!

Пікірлер